Фейк | Швеция коронавируспен күресуден бас тартты

17 наурызда Haqqin.az ресурсы («Адам құқықтары үшін» Қоғамдық қауымдастығы мониторингтік және ақпараттық-сараптамалық порталы) материал жариялады. Онда Швеция үкіметі «қауіпті вирустың таралуына байланысты ешқандай төтенше шаралар қолданып жатпағаны» және «шведтік ғалымдар басқа елдердегі әріптестеріне қарағанда коронавирусты қауіпсіз деп санайтыны» айтылған.

Фейк | Швеция коронавируспен күресуден бас тартты

Материалды Facebook-та 128 мың рет бөлісіп, 1 131 853 адам сайттан қараған. Сонымен қатар ақпаратты басқалар да көшіріп таратты, оның ішінде жаңалық ресурстары да бар.

Үкім: Фейк

17 наурызда Швеция билігі 19 наурыздан бастап 30 күн ішінде елге кіруге шектеу қойды. Шектеу Швейцария мен ЕО елдері, сонымен қатар «халықаралық қорғауға» мұқтаж Швеция азаматтарының жақын туыстары мен басқа да бірнеше санаттағы (мәселен, жылжымайтын мүлігі барлар) адамдардан басқасының бәріне қатысты. Сонымен қатар, бұл шара елшілер, медицина қызметшілері сынды Швецияға қажеттілік бойынша келген азаматтарға қатысты емес.

The Local Se басылымының хабарлауынша, билік өкілдері пандемия тараған басқа елдер секілді home office жұмыс режимін ұсынып, жоғарғы сынып оқушылары, студенттер мен муниципалды білім беру мекемелерінде оқып жатқан ересек адамдарға қашықтықтан оқыту жүйесін енгізді. Дәрігерлік анықтаманы қажет етпейтін екі аптаға дейінгі ақы төленетін еңбекке жарамсыздығына байланысты демалысқа жіберуді енгізді, пойыздардың қозғалысы қысқартылды, 500 адамнан көп қатысатын шараларға тыйым салынды, 70 жастан асқан қарттар мен ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары басқа да топтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға үйден шықпауға және әлеуметтік байланыстарды төмендетуге кеңес берді: «Егер сізге көмектесетін адам болмаса интернет арқылы жеткізу нұсқасын қарастырыңыз немесе ел бойынша құрылып жатқан бастамашыл топтардың көмегіне жүгініңіз», – деп хабарлады газет.

Упсала қаласына жақын маңдағы Эрна әскери базасында әскерилер коронавирус жұқтырғандарға далалық госпиталь ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Контекст: швед стратегиясы

1279 адам вирус жұқтырған Швеция билігі қолға алған шараларды көпшілік жеткіліксіз деп қабылдап, ел қатаң әлеуметтік карантинде еместігіне сын айтылып жатыр.

Еске сала кетсек, шведтіктердің стратегиясы індеттің ел арасына «мүмкіндігінше баяу таралуы»  және тұрғындардың иммунитеті қалыптасуына негізделген.

Ұлыбритания әуелде жүзеге асырмақ болған стратегиясынан бас тартты.

Ұлыбританиядағы жағдай қалай?

17 наурызда премьер-министр коронавирус туралы мәлімдеме жасап, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінен теңдессіз саналатын шараларды қолданатынын айтты:  «Мұның қауіпті және тез жұғатын ауру болғаны соншалық, оның таралуын қадағалап, нақты шаралар қолданбаса әлемдегі кез-келген денсаулық сақтау жүйесін күйретіп жіберуі мүмкін», – деп мәлімдеді Борис Джонсон.

Бақылаудан бөлек (Қазіргі уақытта 1950 адам вирус жұқтырған Ұлыбритания үлкен әлеуметтік оқшаулау шарасына көшіп жатыр. Оған сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы шектеледі, адам көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, мектептерді жабу, университеттердегі сабақты онлайн режимге көшіру, кинотеатрларды жабу, сонымен қатар, әлсіз санатқа жататын азаматтарды қоғамнан алыста ұстау), үкімет бизнес пен тұрғындарды қолдауға арналған бірнеше әлеуметтік қадамдарды жасады. Яғни, британдық мекемелерді қолдауға 330 млрд фунт стерлинг, ритейл мен қонақүй бизнесіне салық жеңілдігі (12 ай ішінде коммерциялық мүлікке салық төлеуден босату), сонымен қатар, ипотека төлеуге 3 айлық демалыс жариялады. Бұл туралы бас қазынашы Риши Сунак мәлім етті.

Йоанна Солтысяк

Бұдан бөлек, фейк жаңалықта «Польшалық танымал спортшы-триатлоншы Йоанна Солтысяк өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы елдегі (Швециядағы – ред.) спорт базасына шақырады» делінген. Біз спортшының Facebook және Instagram парақшаларын қарап шықтық. Әлбетте, ондай ақпарат таппадық. Спортшы Твиттерде де жоқ.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz