Google кейбір чат-боттың “галлюцинация” тудыруы мүмкін екенін ескертті

Google басшыларының бірі адамдар чат-боттарды қолдану кезінде жасанды интеллектінің “галлюцинациясына” ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Reuters Google-дің жоғарғы вице-президенті, Google Search басшысы Прабхакар Рагхаванмен сұхбатын жариялаған неміс басылымы Welt am Sonntag-қа сілтеп хабарлады.

“Біз айтқан жасанды интеллектінің түрі кейде біз “галлюциянация” деп атайтын затқа әкелуі мүмкін”,-деді Рагхаван.

Оның айтуынша, машина сенімді, бірақ ойдан шығарылған жауапты ұсынады. Ал әзірлеушілердің негізгі мақсаты — жасанды интеллектінің жалған жауапты мейлінше аз беруі.

Alphabet Inc танымал ChatGPT чат-ботына бәсеке болатын өзінің Bard чат-ботын таныстырды. Алайда компания өнімін әлі тестілеуден өткізіп жатыр.

“Әрине, біз чат-бот шығарудың өзектілігін түсінеміз, бірақ оған қоса көп жауапкершілікті де сеземіз. Біз қоғамды адастырғымыз келмейді”,-деді Рагхаван сұхбатында.

Factcheck.kz