Бананға 5G арқылы қашықтан ота жасалды ма?

Желіде бананға жасалған отаның видеосы тарады. Оны көрген адамдар “Лондондағы дәрігер Калифорниядағы бананға 5G арқылы қашықтан ота жасады” деп мәлімдеді. Бұл туралы The Verge жазды.

Видеоның Х желісіне ең ерте жарияланғаны 15,1 миллион қаралым жинаған. Оған қоса оны көп қолданушы “болашақтың технологиясы” деген сипаттамамен бөліскен.

Бананға 5G арқылы қашықтан ота жасалды ма?

The Verge журналисі видеодағы хирургқа хабарласты. Нәтижесінде бейнеде 5G арқылы жасалған ота көрсетілмегені белгілі болды.

Видеоны алғаш рет TikTok желісіне пандемияда Калифорниядағы (АҚШ) Smart Dimensions салмақ жоғалту клиникасының хирур дәрігері Кейс Рон жариялаған.

Рон бейнені пандемияда емханасы жабық болғанда түсірген. Ол өзінің Da Vinci Xi деген роботтық хирургиялық құрылғысын қолданып, тәжірибе жасағысы келген.

«Дағдыларымды ұмытып қалмас үшін не істей аламын деп ойландым. Кейін ота бөлмесіне жеміс-жидек апарып, банан мен басқа да жемістерге жасап үйрендім. Меніңше, бұл өте қызық және адамдар оны көруге қызығуы мүмкін. Мен мұны (видеоны) жарияладым, кейін ол вирусқа айналды», – деді дәрігер.

Оған қоса ол өзінің де, бананның да Калифорнияда екенін және ота үшін 5G қолданбағанын айтты.

Factcheck.kz