ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ | 2017 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 35%-ға өскен

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 35%-ға, дәлірек айтсақ 292 763 млн долларға өскен. Бұл туралы Қазақстан мен Өзбекстанның бірқатар ақпарат агенттіктері жазды. Сонымен қатар, кейбір БАҚ-та осы 8 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд доллар болғаны  жазылған.   

Үкім: ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ

Былтырғы жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан Өзбекстанға жалпы сомасы 548 576 млн доллар көлемінде тауар экспорттаса, импорт көлемі 368 531 млн доллар болды. Ал екі ел арасындағы тауар айналымының жалпы сомасы 917 107 млн доллар болды. Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында экспорт пен импорт мөлшерінде біраз өзгеріс бар, нақтылап айтсақ экспорт 36,8%-ға, импорт 24,7%-ға артқан.

Ақпарат құралдары таратқандай екі ел арасындағы тауар айналымы 35%-ға өспеген. Кgd.gov.kz порталының деректеріне сүйенсек, екі жылдың қаңтар-тамыз айларындағы кедендік статистиканың тауар айналымына қатысты мәліметін есептей келе 31,9%-ға өскенін анықтады, яғни 35%-ға 3,1% жетпейді. Ал 3,1% деген 28,224 млн доллар. Сонымен қатар 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,3 млрд емес, 1,209 870 млрд, яғни 90,1 млн доллар тағы кеміп қалған.

Сондай-ақ…

Осы орайда біз екі жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әрбір облыстың Өзбекстанмен арадағы тауар айналымын көрсеткенді жөн көрдік. 

Облыстардағы тауар айналымының көрсеткіштері

         

 

 

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор