Өзбекстанда мас жүргізушілердің көлігі тәркілене ме?

Telegram-да “Өзбекстанда енді мас күйде көлік айдағандардың көлігін мемлекет тәркілеп алады” деген ақпарат тарады. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз деректі тексерді.

Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздік департаменті Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің ресми парақшасы баспасөз қызметі тараған қауесеттің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтетін жоба әзірленді. Сондай-ақ жобада бұл бұзушылық бірнеше рет жасалса, қылмыстық жауапкершілікті белгілеу ұсынылды. Еске сала кетейік, жобада көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза ретінде «көлік құралын мемлекет пайдасына тәркілеу» қарастырылмаған», – делінген хабарламада.


Ішімдік, есірткі немесе басқа заттарды қолданып, мас күйінде көлік құралын басқарған адамға жаза ретінде 8 500 000 сум (шамамен 310 мың теңге) айыппұл салынады және 1,5 жылдан 3 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырады.

Factcheck.kz