Швейцария міндетті вакцинацияға тыйым салғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде «Швейцария парламенті азаматтарға вакцинация салуға тыйым салатын заңды мақұлдады» деген тақырыппен былтырғы фейк қайта тарап жатыр. Оқырмандарымызға бұның неге өтірік екенін түсіндіреміз.

Онда «депуттардың мұндай шешімге келуіне Лугано кантонындағы ондаған ананың қарсылық шарасы себеп болған, аналардың айтуынша, екпеден кейін балалар бұрын бар қабілеттерінен айырылып, көп нәрсеге зейіні жоқ, айтқан сөзді тыңдамайтын, кейбірі ашушаң болып кеткен. Швейцар дінбасылары да мораторийді қолдаған» делінген.

Үкім: Фейк (сатиралық)

Материал авторы Виталий Манн материалдың бұлай тарап кетерін ойламаған болар. Өйткені ол танымал Панорама сатиралық интернет-басылымының авторы. Біз бұған дейін бұл басылымға сенбеу керектігін және оны көшіріп тарату ақылға қонымсыз екенін бірнеше рет ескерткенбіз.

Бір қызығы, Panorama.pub сайтына кіргенде біз желі сатириктері материалдың шыққан уақытын 2020 жылға өзгерткенін байқадық (вакцина дауына ілеспек болған тәрізді), трафикті арттырғысы келген болуы керек (трафик=ақша). Бірақ интернет ештеңені ұмытпайды.

Шын мәнінде, Швейцария да Швеция секілді вакцинацияны ұсыныс ретінде ғана енгізген, бірақ тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру саясатына билік аса мұқият қарайды. Тіпті Ұлттық вакцинация стратегиясы бар, оның мақсаты – «вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардан тұрғындарды қорғау».

Швейцария міндетті вакцинацияға тыйым салғаны рас па?

ЕЭЫДҰ мәліметі бойынша, Швейцарияда 2017 жылы вакцинациямен қамту шамамен 96% (дифтерия, сіреспе және көкжөтелден) және 95% (қызылшадан) болған. Алайда бұл тіпті елді көкжөтел мен қызылшаның пайда болуынан толық құтқармайды.

Контекст

Соңғы айларда ақпарат кеңістігінде вакцинация туралы фейктер жиі таралып жатыр, олардың бірқатарын біз тексергенбіз:

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz