Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Әлемде пандемиямен қатар вакцинацияға қарсы жүріп жатқан пікірталас шиеленіскен шақта, медиакеңістікте «Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды» деген материал тарап жатыр.

Мақалада 2017 жылы Швеция парламенті (Риксдаг) мүшелері (бұрынғы парламент мүшесі София Аркелстеннің аты аталады) ұсынған мәжбүрлі вакцинацияны енгізу туралы жеті өтінішті қабылдамады. Риксдаг «егер біз міндетті немесе мәжбүрлі вакцинацияны енгізсек, бұл Конституциямызды бұзу болар еді» деп мәлімдепті-міс… Оған қоса заң шығарушылар «екпеге қатысты барлық мәжбүрлеуге жаппай (шведтер тарапынан) қарсылық болатынын атап өткен. Рикстаг та екпе алған балаларда жағымсыз әсер жиі байқалатынына келісіпті-міс».

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды
Швециядағы полиомелитке қарсы вакцинация дәрежесі

3 жыл бұрын да әлемде осыған ұқсас жағдай болған, бірақ қазіргі сюжет антивакцина саласындағы жаңа жаңалықтармен, оның ішінде танымал антивакцинатор кіші Роберт Ф.Кеннедидің пікірлерімен толығып отыр. Оның айтуынша, фармкомпаниялар бұқаралық ақпарат құралдарына жылына 5,4 миллиард доллар береді (Дәйексөз: «Олардың екпе мәселесіне қатысты дауды бақылап отыруға және мен секілді адамдардың аузын жабуға күші жетеді»), «1989 жылы Конгресс фарминдустрия алыптарына толық құқықтық иммунитет мүмкіндігін берген (олармен соттасуға болмайды – «ешқандай куәгер жоқ, даулы тыңдалым және жалпы фармацевтикалық компанияларға қарсы ешқандай шағым жоқ»).

Бір қызығы, мұның барлығын Кеннеди 3 жыл бұрын, яғни 2017 жылдың сәуірінде Fox News-та Такер Карлсонға берген сұхбатында мәлімдеген. Неге олай болды? Неге үш жыл бұрынғы жаңалық қайтадан пайда болып, енді түрлі ақпаратпен араласып тарап жатыр? – бұл сұраққа біз жауап бере алмаймыз. Бірақ Швеция Риксдагына және АҚШ фармкомпанияларының құқықтық иммунитетіне қатыстының барлығын тексере аламыз. Ендеше, кеттік.

Пікір: 2017 жылы Риксдаг парламент мүшелері ұсынған мәжбүрлі вакцинацияны енгізу туралы жеті өтінішті қабылдамады. Риксдагтағылар бұл Конституциямызға қайшы екенін мәлімдеген… Оған қоса заң шығарушылар «екпеге қатысты барлық мәжбүрлікке жаппай қарсылық болатынын атап өткен. Рикстаг та екпе алған балаларда жағымсыз әсер жиі байқалатынына келісті.

Үкім: Жалған (Барлығы жалған)

Өткен жылы біз Швецияда міндетті екпеге тыйым салды ма деген сұраққа жауап іздеп, материал дайындағанбыз. Тағы айта кетейік, бұл елде екпе жасату заң жүзінде міндеттелмейді. Сол себепті оған тыйым салу да мүмкін емес, Швецияда міндеттеу жоқ.

Осы секілді тақырыптардың бәрі манипуляцияға жатады. Мақаланың өзіне келер болсақ, Швецияда вакцинаға жаппай қарсылық та, Риксдагта міндетті вакцинацияны енгізу туралы өтініштерді қарау кезінде Конституцияға шағым беру де байқалмайды.

Контекст: Швециядағы вакцинация қалай құрылған

ИӘ – Швецияда заң жүзінде вакцина жасатуды адам өзі шешеді, БІРАҚ жыл сайын екпе жасатқандар саны артып келеді (мысал үшін: ҚҚП (қызылша, қызамық, паротит) немесе MMR вакцинасының қамтуы):

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Швецияда екі жасқа дейінгі балалардың ҚҚП екпесімен қамтылуы

2019 жылдың қаңтарындағы қамту бойынша есеп: 2016 жылы туған балалар (ҚҚП екпесі туралы ақпарат қызылмен көрсетілген).

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

ДДСҰ мәліметі бойынша 2017 жылы 2 жасқа дейінгі балаларды полиомелит, ротавирус, дифтерия және басқаларына қарсы екпемен қамту 96%-ға жетті. Салыстыру үшін, Францияда осы кезеңде барлық екпе 70% ғана қамтыды. Нәтижесінде француздар 11 індетке қарсы (оның ішінде қызылша да бар) міндетті вакцинация енгізуге мәжбүр болды. Екпеден бас тартқандарға мектеп пен медицина орталықтарына баруға тыйым салынады.       

Бұл ретте Француз Денсаулық сақтау органдары инфекциялық аурулар вакцинаның емес, гигиенаның арқасында толығымен жойылғаны туралы, сондай-ақ екпедегі қоздырғыштардың әлсіреген немесе өлі түрлері, токсиндер, және қоздырғыштардың беткі қабаттағы ақуыздарын бейтараптандыратын антиденелер жаңа туған баланың иммундық жүйесінің дамуына қауіп төндіруі мүмкін деген кең тараған мифтің талдаумен айналысты.

Осыған ұқсас шаралар Чехия, Италия мен басқа елдерде бар.

Шведтерге келер болсақ, олар әуелден күшті ұсыну позициясында болды, БІРАҚ өте маңызды түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Бұл қызметтің белсенді әрі жоспарлы екені соншалық, қамту әсері заңды. Жалпы, вакцинация сұрақтарымен медициналық қызмет көрсету саласындағы инфрақұрылымға жауап беретін Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі мен арнайы онлайн және 1177 телефон қызметі айналысады.

Жоғарыда аты аталған ұйымдардың сайтынан маңызды статистикалық, құқықтық, медициналық, ұйымдастырушылық және екпе, екпе күнтізбесі мен басқаларға қатысты барлық маңызды ақпаратты табуға болады. Ата-аналар қай кезде балаға вакцина жасауға болады және қай кезде болмайтыны туралы мәліметпен таныса алады. Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақты қойып, оған жауап ала алады.

Эмигрант балаларға екпе жасау бөлек сұрақ категориясына енгізілген. Яғни швед билігі вакцинация мәселесінде өте белсенді. Олар өздеріне басқа ел билігі байқамайтын (немесе байқағысы келмейтін) міндеттерді қояды.

Осылайша, міндетті принципі ХАБАРДАР+АШЫҚ+САНАЛЫ принципіне ауысады. Мемлекет пен ата-аналар (азаматтар) бірлесіп жауапкершілік танытатын болып тұр.

Ұлттық вакцинация бағдарламасы барлық тұрғынға арналған «Жалпы вакцинация» бағдарламасы мен белгілі бір қауіп тобына арналған арнайы бағдарламаға бөлінеді. Бағдарламаға қай екпені қосу керек екені туралы шешімді Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі  ұсынатын мәліметтер негізінде үкімет қабылдайды.

2013 жылдан бастап мониторингпен айналысатын вакцинация бойынша Ұлттық регистр жұмыс істейді. Айтпақшы, Ұлттық вакцина бағдарламалары реестрі туралы Заңына (2012: 453) сәйкес, ата-ана немесе қамқоршылары баланың екпе алғаны туралы хабарлау керек. Балаларға екпе жасау жалпы бағдарламасы аясында барлық алынған екпе ұлттық реестрде тіркелуі керек.

Бүгінгі күні балаларды вакцинациялау бағдарламасына 10 екпе енеді (салыстыру үшін 2018 жылы олардың  саны 9 болған). Жалпы бағдарлама парағында жаңа екпенің пайда болуы толығымен Риксдагқа байланысты. Өйткені жаңа екпеге қаражат бөлу керек пе деген сұрақты Риксдаг шешеді.   2019 жылдың қаңтарында Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі белгілі бір қауіп тобындағы барлық балалар мен адамдарға В гепатитіне қарсы екпе алуды ұсынды (Риксдагтың 2018-05-02 күнгі шешімі).

Бірнеше күн бұрын ғана, яғни 2020 жылдың 6 мамырында Агенттік Жалпы бағдарламаға барлық 5-сынып оқушыларына арналған АПВ қарсы екпені енгізді (бұрын тек қыздарға ұсынылатын). Осылайша шведтік балаларға мына ауру түрлеріне қарсы екпе ұсынылады: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомелит, b (Hib) типті гемофильді таяқша, пневмокок, қызылша, шошқаборық (свинка), паротит, ротавирус, В гепатиті, адам папиломма вирусы (АПВ).

Бірақ жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, В гепатитіне қарсы екпе жалпы бағдарламаға енгенге дейін 2017 жылы 75%-ды және 2018 жылы 91,5%-ды құраған.

Швед логикасы

Енді міндетті екпеге қатысты швед парламенті басшылыққа алған логикаға назар салайық: егер қамту жеткілікті болса, міндетті вакцинацияны енгізудің қажеті қанша?

Мәселен 2016/17:105 хаттамасында 4 мамыр, бейсенбі күні міндетті вакцинацияны енгізуді талқылау кезінде біз Риксдагта айтылған дүниенің көшірмесін таптық:

«Швецияда вакцинацияны міндеттеу керек пе, жоқ па деген талқылау негізінде біз дәл осы жолмен жүруіміз керек екеніне ешқандай дәлел жоқ. Бізде Швецияда вакцинация дәрежесі өте жоғары. Ол үшін (вакцинация – авт.) ереженің қажеті жоқ».

Риксдагта Конституцияны бұзу мен екпеге жаппай қарсылық туралы айтылып жатыр ма?

Қамтудың жоғары екендігіне қарамастан, швед парламентарийлері міндетті вакцинация енгізу туралы айтып тұрады. Оған себеп, Еуропада, оның ішінде Швецияда қызылшамен ауырғандар санының көбеюі. Біз Риксдаг сайтындағы мәліметтерді қарап шықтық. 2015/16 және 2016/17 кезеңінде міндетті вакцинацияны енгізу туралы ұсыныс 6 рет көтерілген.

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Көріп отырғанымыздай, 1 рет зерттеліп отырған антиекпе материалында аты аталған София Аркелстен ұсыныс айтқан. Одан кейін 2017/18 сессия барысында ол тағы да міндетті вакцинацияны енгізу туралы өтініш айтты. Одан кейінгі парламент кезеңінде осы тақырыпқа 4 сауал түсті, оның бірі Оса  Коэнраадстан және 3-еуі Эрик Оттосоннан. Оған қоса Риксдаг сайтында қабылданбаған өтініштерге қатысты мынадай жүйе бар:

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Парламент қоғамдық денсаулық сақтау сұрақтарына қатысты өтінішті қабылдамаған себебі – бұл салаларда жұмыс жүргізіліп жатыр. Қоғамдық денсаулықты сақтау, суицидті болдырмау, жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау, инфекциямен күрес және вакцинация салаларын жақсарту үшін күш салып жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау сұрақтарына қатысты Риксдаг шешімінен есеп (бұл бөлікке София Аркелстеннің өтініштерінің бірі енген).

Оған қоса, Риксдагтың бұрынғы мүшесі Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің атына 1 рет қызылшаның таралуын болдырмауға және 1 рет вакцинаға қатысты дезинформацияға қарсы әрекет ету туралы сауал жолдады.

Осылайша, Швецияның міндетті вакцинацияны енгізуіне тек вакцинацияланған балаларды қамтуды қысқарту ғана себеп бола алады.

Пікір: 1989 жылы Конгресс фарминдустрия алыптарына толық құқықтық иммунитет мүмкіндігін берген (олармен соттасуға болмайды – «ешқандай куәгер жоқ, даулы тыңдалым және жалпы фармацевтикалық компанияларға қарсы ешқандай талап жоқ»).

Кіші Р. Ф. Кеннеди.

Үкім: Жалған

1986 жылғы балаларды вакцинациялау нәтижесінде келтірілген залал туралы Заңға сәйкес АҚШ-та Ұлттық бағдарлама (National Vaccine Injury Compensation Program, VICP) құрылды, оның қызметі 1988 жылғы 1 қазанда АҚШ-та вакцинация деңгейін төмендетуге қауіп төндірген сот процестері сериясынан кейін басталды.

1988 жылдан бастап VICP-ге өтемақы төлеу туралы 21 884 арыз түскен. 18 771 шағым қаралып, олардың 7 278-іне өтемақы төлеу керек деп шешілсе, 11 493-і қабылданбады. Бағдарлама мерзімінде төленген өтемақының жалпы сомасы (2019 жылдың наурызындағы мәлімет), шамамен 4,3 миллиард долларды құрады.

Осы шаралар мен бағдарлама нәтижесін толық құқықтық иммунитет деп айтуға бола ма? – толық емес. Бұл сұрақта жауапкершілік тікелей мемлекеттің мойнында, өйткені өтемақы бағдарламасы – ұлттық.

Айта кетсек, вакцинация саласындағы жауапкершілік стандарттарын АҚШ Кодексінің 42 тармағы, § 300aa–22 реттейді. Онда былай делінген:

 (b) Жағымсыз жанама әсерлер; Ескерту.                                    

 (1) Вакцина тиісті түрде дайындалып, нұсқаулық пен ескертулері айтылғанына қарамастан 1988 жылдың 1 қазанынан кейін вакцина енгізуден адам  жарақат алып немесе қайтыс болса, жанама әсерден болған өлім немесе жарақатқа бірде-бір вакцина өндіруші жауап бермейді. (Ары қарай бірқатар түсініктеме мен ескерту тізілген, мысалы: … вакцинада тиісті нұсқаулар мен ескертулер қатар жүруі тиіс деп болжанып отыр. Вакцина өндіруші барлық маңызды қатынастары Федералдық заңның Азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар және косметика туралы ережесіне сәйкес келетінін көрсетеді…)

Жоғарыдағы нормалар қолданылмайды, егер талап қоюшы, мысалы,

 (B) нақты және сенімді дәлелдер арқылы өндірушінің заң мен бөлімге сәйкестігіне (вакцинаның) қарамастан қажетті қауіпсіздік танытпағанын көрсетсе…

Әрине, даулы тыңдалымдар мен арыздар болды. Мысалы, 2010 жылы АҚШ Жоғарғы соты қараған Ханна Брушвитстің Wyeth компаниясына (Pfizer құрамына кіретін) арызы.

Пікір: Фармацевтикалық компаниялар бұқаралық ақпарат құралдарына жылына 5,4 миллиард доллар береді.

Кіші Р.Ф.Кеннеди

Үкім: Жартылай шындық

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Шын мәнінде сан одан да көп. 2018 жылы АҚШ-та фармкомпаниялар жарнамаға (direct-to-consumer) 6,46 млрд USD инвестиция бөлген. ТВ-дағы жарнамаға кеткен шығын – 3,7 млрд-ты құрады. Бірақ бұл жерде манипуляция құралы бар – бұл фармацевтикалық компаниялардың жалпы жарнама нарығы, оны кейбіреулер тек вакцинаға арналған жарнама ретінде көрсеткісі келеді. Салыстыру үшін айтсақ, бұл жарнамалық сома жалпы міндетті вакцина нарығы көлемімен бірдей (төмендегі кестеде). Сондықтан фармкомпаниялардың вакцинадан көп табыс табатыны туралы (парацетамолдан басқа) айтудың қажет жоқ сияқты.

Жалған | Швеция міндетті вакцинацияға тыйым салды

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz