Жалған | ДДСҰ, СDC, Билл Гейтс қорына “алдағаны” үшін қаржы бөлу тоқтатылды

5 мамырда “Яндекс Дзен” платформасында АҚШ-та жанжалдың басталғаны айтылып, CDC Foundation (Қауіпті ауруларды бақылау жөніндегі қайырымдылық қоры – ред.) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын көп жылдар бойы вакцинаға байланысты алдап келгені үшін қаржы бөліну тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерде вакцинаның сапасын 30 жылдан астам уақыттан бері бақылау жүргізілмегені туралы жазылған. Бұл хабарлама әлеуметтік желі арқылы көп тарап, егудің қауіпті екеніне және осы ақпаратты дәлел ретінде жазып жатыр. Factcheck.kz ақпараттың рас өтірігін тексерді.

ДДСҰ, CDC және Гейтс қоры (Билл Гейтс атындағы қор) вакцинаға байланысты алдап келгені үшін қаржыландырылуы тоқтатылды. Заңгер Роберт Кеннеди мемлекеттен үкімет ұсынған барлық вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігі тексерілгені туралы құжатты сұрады. Бірақ кейінгі 32 жыл ішінде бірде-бір құжат табылмады.

Яндекс Дзен

Үкім: Жалған және деректерді манипуляциялау

Мәтінде бірнеше байланысы жоқ ақпарат біріктірілген. Сонымен қатар ойдан шығарылғаны да жоқ емес.

  • АҚШ үкіметінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатуы – президент Трамптың өзінің позициясын нығайту мақсатын көздейтін саяси шешімі ғана. Бұл жағдайда вакцинацияға еш қатысы жоқ.
  • Заңгер Кеннедидің талабы 2018 жылы қаралды. Оның нәтижелері тек бұл жағдайға ғана емес, вакциналарды бақылау сапасына да жанама байланысы жоқ.
  • CDC foundation АҚШ Конгресі құрған және көптеген донорлары бар Конгреске есеп беретін қор. Яғни, олардың Билл Гейтске еш қатысы жоқ. Ол тек меценаттардың бірі ғана. Гейтсті АҚШ үкіметінің қаржыландыруды тоқтатуы туралы ақпаратты қастандық теориясын таратып жүретіндер ойлап шығарды.

Алдымен жалған ақпарат туралы…

Яндекс Дзен авторы c-vine.com сайтына сілтеме жасаса, ал ол сайттағы Бонни Ниргуде атты блог авторы АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігіне сілтеме көрсеткен.

Бірақ Бонни Ниргуде көрсеткен сілтемеде, яғни, АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің сайтында бұндай ақпарат жарияланбаған.

Біздің тексеруімізше, Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы ақпарат соңғы жылдары бұл сайтта үш рет жарияланған. Ал кіші Роберт Ф. Кеннеди туралы кейінгі жылдары бірде-бір рет жарияланбаған. Сонымен қатар CDC (АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтары) сайтын да тексердік және ол жерден де сәйкес ақпарат таппадық. Негізгі жарияланып жаткан жаңалықтар СDC-тің коронавирус пандемиясына қарсы күресі мен егудің маңыздылығы туралы. Ешкім бұл ұйымдарды қаржыландыруды тоқтатқан жоқ.

C-Vine сайты жайлы айтар болсақ, қастандық теориясы туралы ақпараттарды жиі жариялайтынын байқадық. Сайтта Q-Anon теориясына бөлек бөлім жасалып, “Педофилдердің голливудтық сектасы” туралы ақпарат та жарияланған.

Жалған | ДДСҰ, СDC, Билл Гейтс қорына "алдағаны" үшін қаржы бөлу тоқтатылды
C-Vine сайтының скриншоты

Сайттың ашылғанына екі жыл болмады. Бірақ көптеген сенімді дереккөздерден ақпаратты алып, қайта өзгертіп жариялайды. Бұл сайта қайырымдылыққа да ақша жиналады. Бірақ ол ақшаның қайда кетіп жатқаны туралы есеп көрсетілмеген.

Кіші Кеннедидің ісі немен аяқталды?

“АҚШ-тың бұл іс бойынша жауапты қызметі 32 жыл бойы вакциналардың қауіпсіздігін тексермеді ме?!” деген ой туатын шығар. Жоқ, негізі тексерді. Бұл жерде айқын манипуляцияның көрінісі бар. Вакцинацияға қарсы қозғалыстың әйгілі жетекшісі, заңгер Роберт Кеннеди шынымен сотқа 2018 жылы жүгінді. Оның ұйымы HHS-ке (АҚШ денсаулық сақтау және қызмет көрсету департаменті) қарсы «сотта жеңді» деп твиттерде жазылған.

Алайда бұл қандай сот ісі болғанын, соттың қандай шешім қабылдағанын, және мұндай мәліметтердің расымен бар екенін анықтап көрген жөн. Істі тоқтату туралы сот шешімін төмендегі құжаттан көруге болады.

Жалған | ДДСҰ, СDC, Билл Гейтс қорына "алдағаны" үшін қаржы бөлу тоқтатылды

Кеннедидің сауалы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігі басқа министрліктерге жіберілген вакциналардың сапасын бақылау туралы есепті көрсету қажет. Ал министрлік оған байланысты ақпараттың жоқ екенін мойындады. Бұдан кейін іс осымен аяқталып, соттың шығынын екі тарап өздері көтерген. Сұрақта нақты көрсетілгендей “вакцинаға байланысты зерттеу жасалды ма?” деп сауалда жазылмаған.

Зерттеу жасалды ма?

Иә, егжей-тегжейліс зерттелген жүйелі есептер болды. Оның барлығы онлайн форматта көруге болады. Министрліктің, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының және басқа да ұйымдардың сайтын қарап шығуға болады. Мысалы, вакциналардың қауіпсіздігі жөнінде мемлекеттік сайтта көрсетілген. Сонымен қатар АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің сайтында вакциналар туралы арнайы бөлім де бар. Мұнда CDC сайтындағы зерттеулер туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. 1997 жылдан бастап есептерді жылдар бойынша көре аласыз. Ал бұл жерде FDA-ның 2011 жылғы зерттеу туралы баяндамасы. Мына сілтемеде 2008 жылғы зерттеу көрсетілген.

Вакциналардың қауіпсіздігін бағалау жұмысы федералды агенттіктің барлық салаларын қамтитын және жеке сектор бойынша, сонымен қатар академиялық зерттеушілерді қамтитын кешенді шаралар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл құжат АҚШ-тағы вакциналардың қауіпсіздік жүйесін сипаттайды. Вакциналардың қауіпсіздігін бағалаудағы әртүрлі агенттіктердің рөлі мен міндеттерін және олардың қызметін нақты айқындап көрсетеді. Вакцинаны дайындау, лицензия жасату және кеңінен қолдану мемлекеттік денсаулық сақтау басқармалары, академия, өнеркәсіп, денсаулық сақтау ұйымдары <…> қайырымдылық және қызмет көрсету ұйымдары, сондай-ақ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрлігінің агенттіктері қамтиды. Ұлттық денсаулық сақтау институтын (NIH), тамақ және дәрі-дәрмектерді басқару (FDA) және ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарын (CDC) қоса алғанда сондай-ақ вакцинацияның залалын өтеу үшін де ұлттық бағдарлама бірге қамтиды (VICP).

Ұжымдық жұмыстың ең басты мақсаты – вакцинаның қауіпсіздігін арттыру. Қауіпсіздікті бағалау – бұл үздіксіз орын алатын процесс. Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жаңа ақпарат пайда болғаннан кейін өзгертулер енгізіледі немесе қалай қолдану керектігі туралы жаңа ұсыныстар жасалады.

HSDL

Мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар вакцинаның сапасын бақылайды. Сондай-ақ, АҚШ-та вакциналардың қауіпсіздігін зерттейтін институты да бар. Ең бастысы барлық мәліметтер ашық дереккөздерде көрсетілген.

Егер, Роберт Кеннедидің твиттердегі жазбасы мен вакцинаға қарсы қозғалысты жақтайтын сайттарды оқысаңыз, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі ешқандай зерттеу жасалмағанын мойындағандай кейіп көрсетеді. Бұл манипуляцияның айқын көрінісі.

Ал Билл Гейтстің қатысы бар ма?

Билл Гейтс туралы айтар болсақ, оның дүниежүзілік денсаулық сақтау саласына жасаған барлық инвестицияларына қарамастан, соңғы жылдары қастандық теоретиктерінің негізгі нышаны екенін аңғаруға болады. Бұл жағдайға дейін де ол туралы жазған болатынбыз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz