Саясат Нұрбек пен журналист Әбенова соты кейінге шегерілді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арызы бойынша журналист Гүлбану Әбеноваға қатысты сот 8 шілдеге шегерілді. Бұл туралы Factcheck.kz сайты хабарлады.

Журналист Әбенова қазіргі министр Саясат Нұрбек жайлы 2010-2013 жылдары “Халықаралық бағдарламалар орталығының” президенті лауазымында болған кезінде “Болашақ” бағдарламасы аясында болжам бойынша жасаған сыбайлас жемқорлық схемалары туралы жазба жариялаған.

2022 жылдың ақпанында Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болған тұста Гүлбану Әбенованың әлеуметтік желідегі жазбалары үшін оның үстінен сотқа арыз түсірген. 

28 маусымда өткен сот отырысында судья Саясат Нұрбектің сотқа өзі де қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеп, келесі сот отырысын 8 шілдеге жоспарлады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz