Роскомнадзор Google және Арple компаниясынан “Навальный” қосымшасын өшіруді талап етті

Ресейде Роскомнадзор мекемесі AppStore және Google Play-ден ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорына тиесілі (ФБК) қосымшасын бұғаттап, өшіруді талап етті. Бұл туралы Deutsche Welle сайты хабарлады.

DW хабарлауынша, егер Роскомнадзор талабы орындалмаса америкалық компанияларға айыппұл салынады. Осы бап бойынша, 4 млн рубльге дейін айыппұл қарастырылған.

Бұған қоса талап орындалмаған жағдайда Ресей сайлауына “араласу ретінде” қарастырылуы мүмкін. Роскомнадзор “Навальный” қосымшасын ұйымның жұмысын жалғастыру үшін қолданып жатқанына сенімді.

Контекст

  • Бұған дейін Мәскеу қалалық соты қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный негізін қалаған «Жемқорлықпен күрес қоры» (бұрын Ресейде “шетел агенті” деп танылған) мен Навальный штабтарын «экстремистік ұйым» деп таныған.
  • Бұдан бөлек Роскомнадзор Алексей Навальныйға қатысты 50-ге жуық сайтты бұғаттады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz