Роскомнадзор Алексей Навальныйдың сайтын бұғаттады

Роскомнадзор ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың сайтына кіруге тыйым салды. Ведомство бас прокуратураның шешімі бойынша оппозиция жетекшісінің сайты бұғатталғанын жазды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

BBC сайтының хабарлауынша, сайтқа кірген кезде “ақпарат заңы негізінде қолжетімді емес” деген хабарлама шығады.

Сонымен қатар, саясаткердің серіктесі Любовь Собол мен Леонид Волковтың және «Дәрігерлер альянсы» кәсіподағының (Ресейде “шетел агенті” деп танылған) сайттары бұғатталды. Волковтың айтуынша, Навальныйға қатысы бар 49 сайт бұғатталған.

Бұған дейін, Мәскеу қалалық соты қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный негізін қалаған «Жемқорлықпен күрес қоры» (бұрын Ресейде “шетел агенті” деп танылған) мен Навальный штабтарын «экстремистік ұйым» деп таныған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz