Путинге қастандық жасалғаны рас па?

Facebook желісінде апатқа ұшыраған көліктің суреттері бар бирма тіліндегі жүздеген жазба жарияланды. Көпшілік онда Ресей президенті Владимир Путинге сәтсіз жасалған қастандық бейнеленген деп топшылады. Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері ақпаратты растайтын дәлел таппады.

Путинге жасалған қастандық туралы жазбалар Өзбекстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитінде Ресей президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен соң тарай бастады. Жазбаның бірі 2022 жылғы 16 қыркүйекте жарияланды.

Бирма тіліндегі жазбада: «Путинге қастандық жасалды, бірақ ол аман қалды» делінген.

Путинге қастандық жасалғаны рас па?
AFP материалындағы фотоиллюстрациялар

Дәл осы суреттер Facebook-те бірнеше рет жарияланды (мұнда, мұнда және мұнда).

Google-да сурет пен кілт сөзді біріктіріп іздеу нәтижесі фотоны британдық The Sun газеті 2016 жылғы 7 қыркүйекте жариялағаны белгілі болды. Онда “Путин жүргізушісі” мінген көліктің апатқа ұшырағаны туралы айтылған. Сонымен бірге, бұл көліктің Көлік федерация кеңесінде (Ресей парламентінің жоғарғы палатасы) тіркелгені де жазылған.

Төменде фейк жазбалардағы фотоның (сол жақта) және 2016 жылы The Sun жариялаған суреттің скриншоты (оң жақта):

Путинге қастандық жасалғаны рас па?
AFP материалындағы фотоиллюстрациялар

2016 жылғы 2 қыркүйекте де бұл оқиға туралы ресейлік Gazeta.ru сайты да хабарлады. Мақалада жүргізуші қайтыс болған жол апаты жөнінде айтылады. Сонымен бірге, оның Ресей Федерациясы президентінің іс-басқармасына жұмысқа алынғаны, бірақ Путиннің жеке жүргізушісі болмағаны баяндалған. Басылым апатқа қатысты бірнеше фото жариялаған.

Factcheck.kz