Қытайда төңкеріс болып жатыр ма? – Сурет пен видеоларды талдау

Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде, әсіресе туиттер парақшаларында Қытайда “әскери төңкеріс болғаны жайлы” жазбалар жариялана бастады. Сонымен қатар, Си Цзиньпин абақтыда отыр дегендер де бар. Осы тұста Си Цзиньпин ұсталғанын “дәлелдейтін” фото және Қытайдағы әскери төңкерісті “сипаттайтын” видео тарады. Factcheck.kz cурет пен видеолардың рас-өтірігін талдады.

Ресми дереккөздер Қытайдағы төңкеріс жайында ешнәрсе хабарламады не мәлімдеме де жасамады. Фактчекиң міндетіне тек сурет пен видеоның қаншалықты рас екенін тексеру ғана кіреді.

Қытайда төңкеріс болып жатыр ма? - Сурет пен видеоларды талдау
Желіде тараған сурет

Үкім: Фейк

Сурет түпнұсқасында Қытай төрағасы емес, Гонконгтағы медиамагнат Джимми Лай кепілдікпен босаған кездегі сәт түсірілген. Ол “ұлттық қауіпсіздік туралы заңды бұзды” деген күдікке ілінген (толығырақ төменде). Дәл қазір желіде айтылғандай Қытайдағы төңкеріс пен Си Цзиньпинның ұсталғаны туралы ресми хабарлама жоқ және дәлелденбеген. Бұған қоса (цензурасы күшті) Қытайда мемлекеттік бақылауындағы медиалар бұл жайында жазбады.

Қытайда төңкеріс болып жатыр ма? - Сурет пен видеоларды талдауҚытайда төңкеріс болып жатыр ма? - Сурет пен видеоларды талдау
Түпнұсқада Гонконгтағы танымал бизнесмен әрі белсенді Джимми Лайдың абақтыдан шыққан сәті

Сонымен қатар, желіде тараған жазбада “Бейжіңге әскерилер келді” деген сипаттамамен видео жарияланған. Алайда видео Қытайда емес, Ирандағы наразылық акциясы кезінде түсірілген.

Қытайда төңкеріс болып жатыр ма? - Сурет пен видеоларды талдау
Видео үзіндісі
Қытайда төңкеріс болып жатыр ма? - Сурет пен видеоларды талдау
Ирандағы наразылық акциясы. Фото: euronews

Контекст

  • Мыңдаған оқырманы бар туиттер парақшаларында Қытай төрағасына қарсы елде төңкеріс болғаны және оның орнын кім басатынын да жазғандар бар. Алайда мұндай хабарламалар сенімсіз не аноним аккаунттарда жарияланды. Мысалы мынау:
  • Фотоның түпнұсқасында Гонконгтағы танымал медиамагнат және Apple Daily газетінің негізін қалаушы бизнесмен әрі активист Джимми Лай көрсетілген. Журналистердің құқығын қорғайтын Шекарасыз тілшілер ұйымының хабарлауынша, Лайға қарсы репрессия шаралары қолданылып жатыр. Оған “заңсыз митиңге” қатысқаны үшін “ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді” деген желеумен өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz