Қазақстанның мемлекеттік органдары IT-инфрақұрылымға жасалған хакерлік шабуылдар туралы екі жылдан бері білген

Жақында ЦАРКА Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын шетелдік хакерлер бақылап жүргенін хабарлады. Алайда бұл ақпарат мемлекеттік органдар үшін жаңалық болмаған. Бұл туралы Курсив жазды.

«Тексеріс шабуылдаушылардың дерекқорларға 2021 жылдан бері рұқсатсыз қол жеткізгенін көрсетті. Оған байланыс операторларының қауіпсіздік шараларының өрескел түрде бұзғаны себеп болды. Шаралар қабылданды, қауіп пен тәуекелдер жойылды», – деп хабарлады мемлекеттік техникалық қызметтің баспасөз қызметі.

Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов шабуылды «кейбір арнайы қызметтің барлау әрекеті» деп атады, бірақ нақты тапсырыс беруші елдің атын айтпады.

“Біз “заңымызды бұздыңыздар” деп бір елді немесе барлау ұйымын айыптай алмаймыз. Оған тікелей дәлел жоқ. Қытай еліміздің стратегиялық серіктесі екенін айтқымыз келеді. Біз жағдайдың қарапайым ғана екенін түсініп отыр. Бір шеш мемлекеттің барлау қызметінде отырған хакерлері тобы екені сөзсіз”, – деді Әбдіқалықов.

«Ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталығы 2022 жылдың өзінде Kcell операторынан заңсыз хакерлердің ізін анықтаған. Кейін бұл ақпарат Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына жіберілді. Тексеріс нәтижесі бойынша, басқа ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымында да осындай іздер анықталған», – деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.

Қазір комитет БЖЗҚ және «Air Астана» әуе компаниясының деректеріне қатысты ақпаратты тексеріп жатыр.


Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz