Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Қазақстан Президенті коронавирус инфекциясына қарсы күреске 6 трлн теңге жұмсалды деп мәлімдеді. Вируспен күрес өңірлерде қалай жүріп жатқанын білу үшін біз бірнеше аймақтың мемлекеттік сатып алу деректеріне көз жүгірттік. Бұл жұмыста бізге Zerteu Research Institute-тағы әріптестер көп көмектесті. Біз олар ұсынған мәліметтер, зерттеу жұмысы мен әсерлі иллюстрациялар үшін алғыс айтамыз. Ал мына жерден әріптестеріміздің коронасатыпалу туралы жасаған материалын оқи аласыз.

Материал 2020 жылдың 30 мамырында жаңартылды: аурухана құрылысы бағасы қайта қаралып, жаңа деректер енгізілді.

Қандай мәлімет тапқанымызды бірден айта кетейік. Мысалы кей антисептиктің бағасы дәріханадағы бағадан әлдеқайда қымбат болады екен. Температураңызды Magnum-ға кіре берісте өлшейтін, тапаншаға ұқсас құрал есіңізде ме? Оны тепловизор деп атайды. Сіз мақаланың тақырыбын оқып, оның бағасын біліп қалдыңыз, енді оны сондай бағамен қай аймақта сататынын білесіз. Медициналық масканы кімнен сатып алар едіңіз? Мүмкін гүл сататын дүкеннен? Түркістан облысындағылар осындай ерекше сатушыны тауыпты.

Қысқа қайырсақ, біз сіз үшін қызықты тендерлерді таптық, олардың бірқатарына мұқият тоқталу қажет. Ендеше кеттік.

Гүл сататын дүкен бетперде сатумен де айналысады

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

8 сәуірде Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы 4000 бетпердені гүл компаниясынан сатып алған. Ондағы бір бетперденің бағасы – 1350 теңге. Келісімшарттың жалпы сомасы – 5,4 млн теңге. Келісімшарт бойынша бетперделердің қорғаныс деңгейі FFP1 болуы тиіс. Бетперделерді жеткізіп беру мерзімі – осы жылдың соңына дейін. Келісімшарт бәсекелессіз, яғни тікелей бір көзден сатып алу тәсілімен жасалған. Тендердің сілтемесі мына жерде.

Дегенмен бетперденің бағасына таңғалудың қажеті жоқ, себебі satu.kz сайтында оның бағасы – 1500 теңге деп тұр. Негізі FFP1 деген – ең жоғары қорғаныс деңгейінің бірі. Былай айтқанда, бұл жай бетперде емес, бұл – респиратор. Бұл жерде қызығы сатушыда болып тұр.

Тапсырыс беруші бетперде сатып алу үшін «ZakazBuketov.KZ Astana» ЖШС-ына жүгінген. Бұл компания мемлекеттік сатып алу порталында келісімшарт жасасқанға дейін небәрі 2 күн бұрын пайда болған. Ең қызығы, гүл сатумен айналысатын компания бетперде сатып жүр.

Сіз біреуге гүл жеткізіп беретін компания іздесеңіз, интернетке жүгінуіңіз мүмкін. Міне сол кезде алдыңыздан ZakazBuketov.KZ сайты шығуы ықтимал. Деректерді салыстырып көрсек, жоғарыда айтылған компания мен гүл сататын сайттың атауы бірдей.

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

«ZakazBuketov.KZ Astana» басшысының деректері мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратпен сәйкес келеді. Екеуінің заңды мекенжайы бірдей. Компания гүл жеткізумен айналысады, медицина саласына немесе бетперде өндірісіне қатысы жоқ. Сатып алу туралы толық ақпарат мына жерде.

Құны 5,5 млрд теңге болған 280 орындық аурухана

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Құрылыс бағасы – 5,5 млрд, медициналық құрал-жабдық құны – 1,9 млрд, толық құны — 7,4 млрд.

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы құны 5,5 млрд теңге болатын 280 орындық, тез салынатын, дайын инфекциялық аурухана сатып алу бойынша келісімшарт жасаған.

Қазір бұл ғимарат салынып біткен және біз ол туралы егжей-тегжейлі материал жазған едік. Қысқаша айта кетсек, біз Мәскеу, Қытай және біздің елде салынған ауруханалардың құрылыс бағасын салыстырып көрдік. Барлығын ретімен санап, тексеріп, зерттеп шықтық. Біз ол кезде бұл тендерге Үкіметтің вирусқа қарсы күресі контекстінде тоқталған едік.

Егер сіз құрылысшы болсаңыз, онда сізге Алматы қаласындағы аурухананың техникалық сипаттамалары қызықты болар:

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да дәл осындай аурухана құрылысына келісімшарт жасалған. Бұл жердегі сома да – 5,5 млрд теңге. Екі келісімшарт бойынша да мердігер – «BI Industrial» ЖШС. Тендерге сілтеме мына жерде. Көріп отырғанымыздай, құрылыс кезінде сома өскен, сондықтан біз аудит қорытындысын күтіп отырмыз.

АПДЕЙТ: 30 мамыр 2020 жыл
Біз есептеу барысында қате жібердік. Құрылыс құны – 5,5 млрд теңге, ал қалған 1,9 млрд теңге медициналық құрал-жабдық сатып алу үшін бөлек бөлінген. Сол себепті тақырыпшадан “Бастапқы” деген сөзді алып тастадық. Мына сілтеме бойынша Алматы әкімдігінің осы сомалар толық көрсетілген презентациясын жүктеп алсаңыздар болады. (7-бет)

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Құны 7 500 теңге болатын бір реттік қорғаныс комбинезоны

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы 1,6 млрд теңгеге обаға қарсы қорғаныс костюмдерін сатып алған. Бір жиынтықтың бағасы – 7500 теңге.

Жиынтық құрамына 1 жұп бахил, қорғаныс көзілдірігі, қорғаныс бетпердесі, қолғап кіреді. Бұл костюмды вирустан қорғану мақсатында қолданады.

Костюмдер Қазақстанның 18 қаласына жіберіледі. Ең көбі Нұр-Сұлтан (55 мың дана) және Алматы қаласына (34 мың дана) тиесілі. Ең азы Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе мен Атырауға жөнелтіледі, яғни бұл қалаларға 4000 данадан костюм барады. Барлық жиынтық 29 мамырға дейін жеткізілуі тиіс.

Келісімшарт 24 сәуірде «DEMEU TRADING» ЖШС-мен жасалған. Бұл осы өнім берушінің порталдағы алғашқы келісімшарты. Компания порталға осы жылдың 16 наурызында тіркелген.

24 650 теңгелік антисептик

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

4 мамырда Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» 639 флакон антисептик сатып алған. Әр флакон көлемі – 1 литр. Бір флаконның бағасы – 24 650 теңге. Келісімшарт бағасы – 15,7 млн теңге. Өнім беруші – «Центр профессионального обучения «АМАНАТ» ЖШС.

Мұндай қымбат баға тек бізді ғана емес, басқаларды да таңқалдырған болуы керек. Себебі 19 мамырда келісімшарттың кей тұстары өзгертіліп, 1 литр флакондар 5 литрлік құтыға ауыстырылыпты. Келісімшарттың сілтемесі мына жерде.

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Антисептиктің бастапқы техникалық сипаттамасы былай еді

Zertteu Research Institute-тегі әріптестеріміз жүргізген зерттеу жұмысында көрсетілген дәл осындай тауарға ұсынатын басқа өнім берушінің бағасын қарайық. Айта кетейік бағаларды салыстыру Әділет министрлігі 1 литрлік флакондарға тапсырыс берген кезде жүргізілген еді.

Сонымен 4 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология орталығы теріге себетін 1635 жинақ антисептигін сатып алған. 1 жинақтың бағасы – 4480 теңге. Флакон көлемі – 0,72 л. Оны 1 литрге шаққандағы бағасы – 6222 теңге болады.

Тепловизорлар

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

5 мамырда Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» дене қызуын өлшейтін 35 құрал (тепловизор) сатып алған. Өнім беруші – «SnabService Capital» ЖШС. Бір тепловизордың бағасы – 199 900 теңге. Келісімшарттың жалпы сомасы – 6 996 500 теңге.

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Техникалық сипаттамасы ұқсас басқа тепловизор украин сайтында 512 гривнаға тұр. Теңгеге шақсақ, бағасы – 7,9 мың теңге (2020 ж. 5 мамырындағы курс бойынша).

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Украин сайтындағы құралдың сипаттамасы

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Алматы полициясына арналған қорғаныс костюмдері

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

4 мамырда Алматы қаласының Полиция департаменті карантинде жұмыс істеп жүрген қызметкерлеріне 500 дана Л-1 қорғаныс костюмін сатып алған. Бір жиынтықтың бағасы – 250 000 теңге. Тендер сілтемесі мына жерде.

Салыстырып көрейік, Satu.kz сайтында осыған ұқсас костюмнің бағасы

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Л-1 қорғаныс костюмі satu.kz сайтында

Жалпы сомасы 125 млн теңге болатын келісімшарт «Сокол-XX» ЖШС жасалған. Бұл өнім берушінің порталдағы алғашқы келісімшарты. Қорғаныс костюмдерін келісімшарт жасалғаннан кейін 15 күн ішінде жеткізу керек.

Павлодар обласында бір тепловизорды 1 млн теңгеге сатып алған

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары
Дереккөз: Zertteu Research Institute

6 мамырда Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы «KazNetUniversal» ЖШС-мен 20,1 млн теңгеге келісімшарт жасаған. Бұл ақшаға дене қызуын өлшейтін Bosch GTC 400 C+ атты 20 құрал (тепловизор) сатып алынған. Әр тепловизордың бағасы – 1 008 000 теңге. Тендердің сілтемесі мына жерде.

Құжатта көрсетілген мәліметтерге тоқталайық

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Ол бейнені инфрақызыл спектрде экранға шығарып, желісіз байланыс арқылы жеке компьютерде немесе планшетте көрсетіп береді. Сондай-ақ оның ақпаратты сақтап, кейін сараптауға мүмкіндігі бар.

Bosch GTC 400 C + L-Boxx тепловизорының үлкен экранының арқасында маман объектінің үстіңгі қабатын анық көре алады.

Алынған ақпарат пен бейнені компьютер немесе планшетке беруге USB кабелі немесе Wi-Fi байланысын қолдануға болады. Осыған қоса ол IP53 қорғаныс стандарты да бар.

Осыған ұқсас құрал kaspi shop дүкенінде 537 900 теңгеге тұр

Коронатендер: 1 млн теңгелік тепловизор және басқалары

Kaspi shop-та сипаттамасы ұқсас тепловизор бар. Екі құрал арасындағы айырмашылық – атауында ғана.

Қорытынды

Байқағанымыздай, бірқатар сатып алу лоттарына соншама ақшаны жұмсау қаншалықты қажет деген сұрақ туындайды. Сондай-ақ кей өнім берушілерге қатысты сұрақтар да аз емес. Бюджет шығындарын қадағалау және ол туралы айту – маңызды. Біз осы сияқты мәселелерге қоғам болып қатысып, әр теңгені қадағалап отырсақ, бюджеттің ашық болуын қамтамасыз ете аламыз. Осындай жұмыс арқылы сыбайлас жемқорлықтың жолы тыйылып, қажетсіз бюджеттің шығындары азаяды. Біздің ақша ашық әрі пайдалы жұмсалған кезде, мемлекеттік сатып алуға қатысты сұрақ та азаяды.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz