Қазақстанда нәрестелер саудаланған сайт анықталды

Қазақстанда енді туған нәрестені сату туралы хабарландыру жарияланған сайт анықталды. Бұл туралы Алматы прокуратурасына сілтеп, KazTAG сайты хабарлады.

Прокуратура дерегінше, сайтта баласынан бас тартқысы келетін әйелдер сәбилерін өкілетті орган мен сот шешімінсіз өзге адамдарға сатпақ болған.

Бұдан бөлек, сайтта балаларды заңсыз асырап алғысы келетін адамдардың хабарландырулары болған. 

Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды. Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмыс, яғни адам саудасы бойынша тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Алматы прокуратурасының мәлімдемесі.

Қазақстанда нәрестені сату, оны заңсыз асырап алу қылмыс болып саналады. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz