Қазақстан Тәжікстанның ең басты сауда серіктесі ме?

15 тамызда Otyrar.kz сайтында Қазақстан Тәжікстанның басты сауда серіктесі екені туралы ақпарат жарияланды. Материалда 6 айдағы көрсеткішке сай, Қазақстан көрші мемлекетке көптеген тауар экспорттап жатқаны жазылған. Factcheck.kz бұл ақпараттың қашалықты рас екенін тексерді.

Мәлімдеме: Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Тәжікстанның ең басты сауда серіктесі болды. 

Otyrar.kz

Үкім: Манипуляция

Тәжікстанның Даму және сауда министрлігінің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есебіне сай, Қазақстан негізгі сауда серіктестерінің тізімінде үшінші тұр. Сауда үлесі бойынша есептесек, Тәжікстанның негізгі сауда серіктесі — Ресей. Елдер тізімін төмендегі инфографикадан көре аласыз.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің 2021 жылды қорытындылаған ақпаратына сай, негізгі сауда серіктестерінің ішінде Қазақстан 18,5%-пен екінші орынға жайғасқан.

2021 жылы да, 2022 жылдың 6 айының қорытындысында да Тәжікстанның ең негізгі сауда серіктесі Ресей болғанын айта кеткен жөн.

Дүниежүзілік сауда ұйымының 2020 жылдағы Тәжікстан тарифтері мен импорты бойынша статистикасына сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты сауда айналымы ауылшаруашылық өнімдерін бойынша 14 миллион доллармен 3-орын, ал ауылшаруашылық емес өнімдерінде 85 миллион доллармен 2-орында тұр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz