ЮНИСЕФ Украинадағы балаларға қаржылай көмектеседі

ЮНИСЕФ пен Украина Әлеуметтік саясат министрлігі соғыс салдарынан қиын жағдайға тап болған 52 000 отбасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін адам басына 2220 гривен (74$) бөледі. Бұл туралы ЮНИСЕФ сайтында хабарланды.

Ақшалай көмек үш немесе одан да көп баласы бар отбасыларға, оның ішінде 2 жасқа толмаған бір баланы тәрбиелейтін және біреуі мүгедек екі немесе одан да көп балаcы бар отбасыларға арналған.

Ұйымның хабарлауынша, бұл бағдарлама Украинадағы балаларды қолдауға бағытталған гуманитарлық көмектің бірінші кезеңі.

ЮНИСЕФ, сонымен бірге, қаржылай көмек алатын отбасыларға қосымша ақпарат беріп, бағдарламаға тіркелуге көмектесу үшін «Spilno» сенім телефонын іске қосқан.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz