HRW Темірлан Еңсебекке қатысты істі тоқтатуға шақырды

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Нұр-Сұлтанды сатиралық материал жариялағаны үшін тергеліп жатқан Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Пікір еркіндігін құрметтеу мен қорғау дегеніміз бұл халыққа қорықпай сын айтып, әзілдеуіне мүмкіндік беру. Қазақ үкіметі бұған жол бермес үшін бейбіт түрде сыни көзқарасын жеткізгендерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын (мысалы, Қылмыстық кодекстегі 274-бап – HRW) заңды өзгертуі немесе күшін жоюға тиіс

Ұйымның 20 мамырда таратқан хабарламасында

Мәлімдеме авторлары «бәлкім, билік Қазақстанда сатираға жол жоқ дегенді жеткізгісі келген болар, алайда өздерінің қалжыңды қабылдай алмайтынын ғана көрсетті» дейді.

Контекст

  • 15 мамырда полиция Еңсебектің үйіне тінту жүргізіп, кеңсе техникасын тәркілеген. Темірлан Еңсебектен Алматы полиция департаментінде жауап алғаннан кейін босатты.
  • «Әділ сөз» ұйымы да «полиция «әзіл» мен «сатира» ұғымынан бейхабар» деп сынады.
  • Еңсебек бұған дейін Qaznews24 парақшасында жарияланған материалдар жаңалық емес, сатиралық контент екенін айтқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz