Фактчек | Ғалымжан Пірматов жаһандық және Қазақстанның ЖІӨ-і туралы

16 маусымда өткен Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жаһандық және Қазақстанның ЖІӨ-і туралы бірнеше дерек келтірді. Factcheck.k шенеунік сөзі қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Тайм-код: 30:48:00

Жаһандық жалпы ішкі өнімнің өсуі 2021 жылы 6,1% жетіп, 40 жылдан астам уақыт ішінде ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Ғалымжан Пірматов

Үкім: Шындық

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша 2021 жылы жаһандық ЖІӨ өсімі 6,1%-ті құрады. Бұған дейін, 2022 жылдың қаңтарында ХВҚ өсімді 5,9% деп бағалады. Дүниежүзілік банк сәл өзгеше деректерді ұсынады. 2022 жылдың қаңтарында ұйым 2021 жылы жаһандық өсім көрсеткіші — 5,5% екенін мәлімдеді. Алайда, маусым айындағы Global Economic Prospects есебінде бұл көрсеткіш 5,7%-ке түзетілді.

Сонымен қатар, бүгінде ХВҚ 2022 жылы әлемдік ЖІӨ өсімі 3,6%-ке дейін төмендейді деп болжап отыр. Ал Дүниежүзілік банк болжамы бойынша ол 2022 жылы 2,9%-ке дейін төмендеуі мүмкін.

Дүниежүзілік Банктің 1961 жылдан бастап ЖІӨ өсіміне қатысты дерекке сай, 2021 жылғы 6,1% көрсеткіші соңғы 48 жылдағы ең жоғары болып табылады. Бұрын мұндай өсім (6,4%) 1973 жылы байқалған.

Қазақстан экономикасы да 2021 жылы 4,1%-ға өсіп, пандемияға дейінгі деңгейге оралды. 

Ғалымжан Пірматов

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылы ЖІӨ көлемі 82,2 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1%-ке өсті. 2019 жылға дейінгі ЖІӨ 69,5 трлн теңгені құрады, ал ЖІӨ өсімі — 4,5%. Осылайша, елдің ЖІӨ-сі пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті.

Халықаралық ұйымдардың мәліметтеріне келсек, ХВҚ дерегіне сәйкес, Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 190,81 млрд АҚШ долларын, ал 2019 жылы — 181,67 млрд долларды құрады. ЖІӨ өсімі 2021 жылы 4%, ал 2019 жылы 4,5% құрады. Дүниежүзілік банктің де деректері ХВҚ-мен бірдей. Екінші жағынан, Дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы 202,9 млрд долларды құрағанын хабарлады.

Нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,4%-ға дейін баяулады.

Ғалымжан Пірматов

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,4%-ті құрады. Инфляция расымен баяулаған: былтыр қарашада инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,7%-ті, ал қыркүйек-қазан айларында ол 8,9%-ті құрады.

Айта кетейік, 2022 жылғы мамырда жылдық инфляция 14%-ті құрады.

Инфляцияға азық-түлік тауарлары көптеп үлес қосты, олар жекелеген тұтыну нарықтарындағы теңгерімсіздік пен әлемдік азық-түлік бағаларының өсуі аясында жылдың қорытындысы бойынша 9,9%-ға өсті.

Ғалымжан Пірматов

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлікті тұтыну тауарлары мен қызметтердің негізгі топтарына баға индексі — 2021 жылы 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,9%-ке өсті.

Сонымен қатар, 2022 жылдың мамыр айында азық-түлік инфляциясының жылдық деңгейі 19%-ке дейін өсті.

Оқи отырыңыз:

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев сұхбатында Қазақстанның экономикасы Орта Азияның барлық елдерінің экономикасынан екі есе көп екенін айтқан болатын. Біз бұл мәлімдемені осында тексердік.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz