Фактчек | COVID-2019-ға қатысты жағымды жаңалықтар

Жағымсыз ақпараттар ғана емес, жағымды жаңалықтар да тексеруді қажет етеді. Мессенджерлерде тарап жатқан пікірлердің көпшілігін Snopes пен ZIMA ресурсы тексерді, бірақ біз барлығын қайта қарап шықтық, кейбір үкімдеріміз олардыкінен өзгеше (және нақтырақ – бірнеше күннің ішінде жаңа ақпарат пайда болғандықтан болар).

Сонымен, жағымды жаңалықтарға фактчек! (Спойлер – негізінен барлығы шындық, бірақ жалған мен жартылай шындық та бар).

Жаңалық: Қытай өзінің соңғы уақытша госпиталін жапты. Оған вирусты жаңадан жұқтырғандар санының азаюы себеп.

Үкім: Шындық

Расымен 11 наурыз күні China Daily Твиттер-аккаунтында Уханьда барлық уақытша госпитальдардың жабылғанын хабарлады.

Сонымен қатар China Daily ДДСҰ-на сілтеме жасап 20 наурызда Қытайда жергілікті тұрғындар арасында жаңа жұқтыру оқиғалары тіркелмегенін хабарлады. Бірақ өзге елдерде тіркеліп жатыр.

Жаңалық: Үндістан дәрігерлері коронавирусты емдеуде жетістікке жетті. Олар Лопинавир, Ретоновир, Осельтамивир препараттарын Хлорфенаминмен бірге пайдаланып жатыр.

Үкім: Жалған және жартылай шындық (әзірге)

Дат медицина агенттігінің құжаттарында тізімдегі кейбір дәрілердің (Лопинавир, Ритоновир, Осельтамивир) маңыздылығы мен сынақтан өткізу кезеңі туралы ақпарат бар.

Негізінен пайдалану, сынақтан өткізу және дәрілердің әсерін зерттеу туралы айтқанда қытай госпитальдары мен Оңтүстік Кореядағы госпитальдың аты аталады (үндістандық бірде бір мекеменің атауы көрсетілмеген, мүмкін Данияның медицина агенттігінде толық ақпарат жоқ шығар). АҚШ-тағы Ұлттық медицина кітапханасының clinicalTrials.gov сайтынан Ухань қаласындағы Tongji госпиталінде Abidol Hydrochloride, Oseltamivir және Lopinavir/Ritonavir препараттарының біріктірілуінен жасалған клиникалық сынақ туралы ақпарат таптық. Сынақ 1 ақпан күні басталған, маусым айында аяқталады. Және көріп отырғанымыздай ғалымдар әлі де сынаққа қатысушыларды бақылап отыр:

Кейбір қорытындыларды қазірден айтуға болады. Ауруды симптоматикалық тұрғыдан қоддау үшін пайдаланылатын аты аталған препараттарға бей-интервенциялық клиникалық сынақ жүргізу аясында бірқатар қорытынды шығарылды. Олар жағымды.

A: Жағдайы жеңіл науқастарда: температураның көтерілуі, жөтел және басқа да белгілер, әлсіздік, өкпенің КТ (компьютерлік томография) кезінде жағдай жақсарады;
В: Ауыр жағдайдағы науқастарда: температура, жөтел және басқа да белгілер азаяды, өкпе КТ жақсарады. Бақылау уақыты: екі апта.

Хлорфенамин – суық тию мен тұмаудың симптомдарын жеңілдететін «ТераФлю», «Ринза», «Антигриппин» және «Колдакт» секілді танымал дәрілердің құрамында болатын антигистаминді препарат. Хлорфенаминді пайдаланып коронавирусты емдеу туралы дерек таппадық.

Жаңалық: Эразмус Медицина орталығының зерттеушілері коронавирусқа қарсы антидене тапқанын мәлімдеді.

Үкім: Шындық

Erasmus Medical Center онлайн-журналы COVID-2019-ға қарсы антидене анықталғанын хабарлады. «Профессор Франк Гросвельд (71 жаста) өзінің жаңалығы туралы сабырлы түрде хабарлады: «Стөлге секіру үшін мен тым кәрімін».

Жаңалық: 103 жастағы қытайлық әжей Уханьда 6 күн емделгеннен кейін коронавирустан толығымен сауығып кетті.

Үкім: Үкім жоқ

Бұл туралы ZIMA да, Snopes та қытайлық Chutian Metropolis Daily-ге сілтеме жасап жазды. Дегенмен, көптеген әлемлік медиалар ирандық 103 жастағы әже туралы жазды (фейк секілді). Сенуге болатын БАҚ-тар арасында The Independent қытайлық дереккөздерге сілтеме жасап, видеоны қоса беріп, 103 жастағы қытайлық әйел туралы жазды. Қытайлық үгіт-насихатты есепке алсақ, бұл ойдан шығарылуы мүмкін. Snopes-тегі әріптестеріміз рас айтқанына үміттеніп, сенгіміз келеді, бірақ бұл бөлікті үкімсіз қалдырамыз.

Жаңалық: Apple Қытайдағы 42 дүкенін қайта ашып жатыр

Үкім: Шындық

Ашылды. Бұл туралы Reuters-тің Қытайдағы үш тілшісі қатар хабарлады. Бірақ Apple Италиядағы дүкендерін жауып жатыр.

Ал, ZEWA Apple-ды сатып алады (Google-дағы үлесі бар) деген ақпаратты жақсы әзіл деп қабылдаймыз.

Жаңалық: Кливленд клиникасы бірнеше күн емес, сағаттың ішінде нәтиже көрсететін COVID-19-ға арналған тест ойлап тапты.

Үкім: Шындық

Snopes-тің хабарлауынша, Огайо штаты Кливлендтегі MetroHealth медицина орталығы 16 наурыз күні тексеру нәтижесін бар-жоғы 2 сағатта алатын тест жасағанын мәлімдеді. Дегенмен, бұл тесттердің саны шектеулі.

MetroHealth бас директоры және президенті Акрам Бутрос: «Шығын материалдарының саны шектеулі мөлшерде шығарылған және тест ауыр жағдайда жатқан және олармен тығыз байланыста болған науқастарға арналды», деп мәлімдеді.

Жаңалық: Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар саны азайып жатыр.

Үкім: Жартылай шындық

Snopes те, ZIMA да түрлі дереккөздерге сілтеме жасап бұл ақпаратты растады, бірақ кестесі бірдей емес. 19 наурызда 18-не қарағанда ауырғандар саны артты.

Тағы еске сала кететін жайт, корей тәжірибесі бізге көп ақпарат береді, оның ішінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіреді. 31-пациегт жағдайы осының дәлелі.

Жаңалық: Сарапшылар Италияның қатты зардап шеккенін оларда Еуропадағы ең кәрі тұрғындар тұратынымен байланыстырады.

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

Факторлар өте көп. Оның ішінде 60 жастан асқан тұрғындар санының расымен көптігі де кіреді. Бұл тізімге Италиядағы медицина мен итальялықтардың сүйісуге құмар екендігінен бастап Италиядағы ылғалды, жылы ауаны қосуға болады.

Италия билігі (басқа да көптеген елдердікі секілді) болып жатқан оқиғаның маңыздылығын бірден түсінбеді, бірден карантиндік шараларды жүзеге асырмады, оқшаулау және өзін-өзі оқшаулау бойынша ұйымдасқан кампания болмады. Италия немесе топ-10 қатарына кіретін елдердер (жоғарыда айтылған Корея мен 31-пациенттен басқа) вирустың тез тарап кетуінің нақты себебін айту мүмкін емес.

Жаңалық: Израиль ғалымдары жақын арада коронавирус вакцинасын жасап шығарғаны туралы мәлімдеуі мүмкін.

Үкім: Жартылай шындық

Бұл туралы Jerusalem Post газеті хабарлады (ZIMA). Сөздің өзі жағымды әсер қалдырғанымен, «жақын арада» дегеніміз бір аптаны немесе жарты жылды да білдіруі мүмкін.

Жаңалық: Коронавирус жұқтырған мэрилендтік 3 науқас толығымен сауығып кетті және қалыпты өмірге орала алады.

Үкім: Шындық

Бұл туралы FOX 5 арнасы хабарлады.

Жаңалық: Канадалық ғалымдар COVID-19-ды зерттеуде үлкен жетістіктерге жетіп жатыр.

Үкім: Шындық

13 наурыз күні Монреаль газеті ғалымдардың коронавирустың көшірмесін бөліп алғанын хабарлады: «Оқшауланған вирус Канададағы және бүкіл әлемдегі зерттеушілердің сапалырақ диагностикалық тесттер, емдеу тәсілдері мен вакцина жасауына, сонымен қатар коронавирус 2 ауыр респираторлық синдромы (SARS-CoV-2) туралы толық түсінік алуға көмектеседі»  (Snopes)

Жаңалық: Сан-Диегодағы биотехнологиялық компания Дьюк университеті және Сингапур Ұлттық университетімен бірлесіп COVID-19-ға қарсы вакцина жасап жатыр.

Үкім: Шындық

Әңгіме Inovio компаниясы туралы болып отыр. Компанияның жұмысын Билл және Мелинда Гейтс қоры қаржыландырады.

Жаңалық: Талса аумағында коронавирус жұқтырған алғашқы адам емделіп шықты. Ол екі тест тапсырып, екеуі де теріс нәтиже көрсетті.

Үкім: Шындық

Бұл ақпаратты аймақтың денсаулық сақтау департаменті растады (Snopes). Осындай жаңалықты Қазақстаннан да күтеміз.

Жаңалық: Нью Делидегі Сафдарджунг ауруханасында ем алған барлық 7 науқас сауығып шықты.

Үкім: Шындық

Солай. Науқастардың кармасы жақсы болған тәрізді (ZIMA-ның әзілі).

Жаңалық: Covid-19-дан жақында емделген науқастардың плазмасы басқа індет жұқтырған адамдарды емдей алады.

Үкім: Жартылай шындық

Бұл жерде ескерту болуы керек – мұндай емдеудің тиімділігі тек жақында ғана жұқтырғандар мен жұқтыру қаупі жоғары адамдарға қатысты.

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)