Facebook пен TikTok «Талибан қозғалысы» туралы контентке қандай шара қолданатынын хабарлады

Facebook және TikTok желісі «Талибан қозғалысын» (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) насихаттайтын контентке тыйым салуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы CNBC сайты хабарлады.

Facebook пен TikTok өкілдері бірнеше жылдар бойы әлеуметтік желіні хабарламаларын тарату үшін қолданған Талибан қозғалысын “террористік ұйым” деп санайтынын айтты.

Сонымен қатар, Facebook Талибанға қатысты хабарламаларды, суреттер мен видеоны өшіретін арнайы контент модераторлардың бар екенін мәлімдеді.

Контекст

  • 15 тамызда «Талибан» Ауғанстан астанасы Кабулда бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.
  • «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасын басып алғаннан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жергілікті тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін айтты. Алайда, елден көпшілігі кетуге тырысып жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz