«Талибан» Ауғанстанда TOLOnews арнасын бақылауға алды

«Талибан» қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) Кабулдағы TOLOnews арнасының офисіне кіріп, бақылауға алды. Бұл туралы Interfax.ru сайты хабарлады.

“Содырлар қауіпсіздік қызметкерлерінен үкімет берген қаруды тартып алып, кешеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті”, – делінген хабарламада.

15 тамызда «Талибан» Ауғанстан астанасы Кабулда бақылау орнатты. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

«Талибан» Ауғанстанда TOLOnews арнасын бақылауға алды
Фото: Getty Images. Кабул әуежайында Ауғанстан азаматтары шұғыл түрде елден кетуге тырысып жатыр.

«Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстан астанасын басып алғаннан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жергілікті тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін айтты. Алайда, елден көпшілігі кетуге тырысып жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz