Алматыда «Жусан иісі» деректі фильмі көрсетілді

Алматыда Жұлдыз Төлеудің «Жусан иісі» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильм желісі мемлекеттік «Жусан» операциясымен Сириядағы соғыс алаңынан оралған қазақстан азаматтары жайында.

Автор фильм барысында «Жусан 3» операциясымен елге қайтарылған әйелдер мен балалардың Сирияда басынан өткен оқиғалары шынайы кейіпкерлерге баяндатып, қазіргі таңдағы тұрмысын көрсеткен.

Фильмнен соң сөз алған Жұлдыз Төлеу көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

Сирияға кеткен қандастарымыздың 90 пайызы қайта құру кезінде, яғни, 1985 жылдан бері қарай 1992 жылдар аралығында дүниеге келгендер. Бұл кезеңде елде Кеңес үкіметі құлап, тоқырау болғаны мәлім. Осы уақытта тәрбиесіз далада қалған балалардың басым бөлігі бүгінгі күні Сирияға кеткен. Сондай-ақ бала кезінде психикалық зақымдары да болған.

Жұлдыз Төлеу, журналист

Фильмді түсіруге АҚШ-тың Бейбітшілік институты, PeaceTech Lab және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қолдау көрсетті.

Қосымша ақпарат

«Жусан» операциясы – Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы негізінде Сириядағы Қазақстан азаматтарын елге эвакуациялау. Операцияны құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі халықаралық ұйымдардың көмегімен іске асырған болатын.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz