Алматыда “Геннадий Бендицкий атындағы қордың” тұсаукесері өтті

Алматыда журналист “Геннадий Бендицкий атындағы қордың” тұсаукесері өтті. Бұл туралы “Әділ сөз” халықаралық қорының Instagram парақшасында хабарланды.

Ұйымды Бендицкийдің достары мен әріптестері құрған. Қордың негізін қалаушысы және Ratel.kz аналитикалық порталының құрылтайшысы Марат Әсіповтің айтуынша, ұйымның басты мақсаты — Бендицкий мұрасын сақтау, насихаттау және дамыту. Сонымен қатар, медиа мәселелері бойынша конференциа мен дөңгелек үстел өткізіп, журналистік зерттеуді дамыту.

Бұдан бөлек, қор өкілдері “мемлекеттік басқару жүйесінде ашықтық пен есептілікті, қоғамдық қатынастарды талдау мақсатында зерттеулер жүргізу” маңызды екенін мәлімдеді.

Геннадий зерттеу журналистикасының үлкен мектебін құрды. <…> Зерттеу журналистикасымен айналысатын авторлар болмаса, сыбайлас жемқорлық көбейе бермек. Алысқа кетпей-ақ, ірі қалалардағы заңсыз, ретсіз салынған құрылыстарды мысалға келтірсек болады. Осы орайда “Бендицкий қоры” зерттеу журналистикасының маңызды жанр ретінде қалыптасуына көмектеседі деген сенімдеміз. Сонымен қатар, қор Бендицкийдің мақалаларының мазмұндық бөлігімен айналысып қана қоймай, зерттеу журналистика әдістемесін, оның принциптерін талдайтын болады.

“Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Тамара Калеева

Геннадий Бендицкий 2017 жылдың 3 желтоқсанында қайтыс болды. Ол “Караван” газетінде, КТК телеарнасында және Ratel.kz сайтында жұмыс істеді.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz