Белгісіз біреу Ulysmedia.kz бас редакторына мал еті мен балаларының суреті салынған қорап жіберген

8 ақпанда белгісіз біреулер Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға малдың еті мен балаларының суретін қорапқа салып жіберген. Бұл туралы журналист Азаттық Радиосына хабарлады.

Ибраеваның айтуынша, қорапты кеңсеге жіберген. Журналист мұны “редакцияға жасалған қоқан-лоқы” деп есептейді.

Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім.

Самал Ибраева, Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы

Ибраева полицияға арыз жазып, істің мән-жайын анықтауды талап етті.

Factcheck.kz