Алматы әкімдігі Досаевтың атынан фейк аккаунттар ашылғанын ескертті

Алматы әкімінің баспасөз қызметі жаңа әкім Ерболат Досаевтың атынан әлеуметтік желіде фейк аккаунттардың ашылғанын және оның қала әкіміне қатысы жоқ екенін хабарлады.

Бұған қоса баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне сүйенуге шақырды.

Өткен айда Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан жалған парақшалар ашылғанын Алматы әкімдігі ескерткен.

Бұдан бөлек, Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденов өзінің атынан фейк аккаунт ашылғанын Facebook парақшасында хабарлап, желі қолданушыларын ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz