Алматы әкімдігі Сағынтаевтың атынан фейк аккаунттар ашылғанын ескертті

Әлеуметтік желіде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан фейк аккаунттар ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жалған аккаунттардың пайда болуына байланысты Сағынтаевтың ресми парақшаларының тізімін көрсетті. Сонымен қатар, ресми аккаунттардан ақпарат алуға шақырды.

Бұған дейін Алматы полиция басшысы Қанат Таймерденов желіде өзінің атынан фейк аккаунт тіркелгенін ескерткен. Ол тек Facebook желісінде жұмысқа арналған парақшасы бар екенін айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz