Алматы полиция басшысы желіде өзінің атынан фейк аккаунт тіркелгенін ескертті

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовтың атынан Instagram желісінде фейк аккаунт тіркелген. Бұл туралы Таймерденов Facebook парақшасында хабарлады.

Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер менің атымнан фейк аккаунт ашқанын ескертемін. Менің тек Facebook желісінде жұмысқа арналған парақшам бар екенін, сонымен қатар, осы арқылы азаматтармен байланыс орнатқанымды ресми түрде хабарлаймын. Әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын.

Қанат Таймерденов.

Factcheck.kz расымен Instagram желісінде qanat_taymerdenov_official деген аккаунтты анықтады. Қазіргі уақытта фейк аккаунтқа 150-ге жуық оқырман жазылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz