Профайл: Юрий Ильин — бұрынғы төтенше жағдайлар министрі

Абай облысында 8 маусымнан бері жалғасып жатқан ірі өрттен соң мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин министр қызметінен босатылды. Бұған Абай облысындағы жағдай себеп болғаны ресми түрде айтылған жоқ. Десе де, Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрліктер «үлкен апат салдары туралы дұрыс болжам бермегенін, соның салдарынан өрт масштабы артып, 14 адамның қаза тапқанын айтты.

Бұл елімізде кейінгі бір жылда болып жатқан екінші және ТЖМ Ильин кезіндегі үшінші өрт. Сондай-ақ кейінгі кездері министрлікте басқа да даулар болған. Factcheck.kz редакциясы Юрий Ильиннің кім екенін, мемлекеттік қызметте қазақстандықтардың есінде несімен қалғанын анықтап көрді.

Министр болуды армандамайтын орынбасар жаман

Ильин Юрий Викторович (55 жаста) 1968 жылы 9 сәуірде Ресейдің Новосібір облысындағы Куйбышев қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі  — инженерлік және заңгерлік — мен құқықтану бойынша бір магистрлік деңгейі бар. Украинаның Сумск облысындағы азаматтық қорғаныс саласында және Алматыдағы төтенше жағдайлар саласындағы кадрларды дайындау бағытында сабақ берген. Алматы ТЖ басқармасында басшылық қызметте болған. ТЖМ қызметінен кеткен соң Ильин біршама уақыт әкімдікте жұмыс істеп, 2013-2015 жылдары Алматы әкімінің орынбасары болған. 2015-2016 жылдары Президент әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аймақтық жұмыстар бөлімін басқарған. 2016-2020 жылдары ішкі істер министрінің орынбасары болған. 2020 жылы төтенше жағдайлар министрлігіне қайта оралып, осы жолы ведомство басшысы қызметіне кірісті.

Қызметке тағайындалған соң «Время» газетіне берген сұхбатында Ильин журналистерге министр болуды армандағанын айтқан: «Әрқайсымыздың арманымыз бар. Менің министр болу-болмау туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. Парламенттегі сұхбаттасудан өткенше, президент жарлыққа қол қойып, қызметке тағайындамай тұрып сенім болған жоқ… Генерал болуды армандамайтын солдат солдат емес». Әскери және мемлекеттік қызметтегі жоғары лауазымдардан бөлек Юрий Ильин «Құрмет» пен 2-дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.

Юрий Викторовичтің ғана емес, оның балаларының ба мансабы өскені байқалады. 2021 жылы министрдің ұлы Ильин Игорь Юрьевич «Орталық Азия Электрэнергетикалық корпорация» АҚ төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары болды. Осы мекеменің директорлар кеңесі және негізгі акционерлерінің бірі – аты шулы Екібастұз ЖЭС активінің жартысына иелік ететін Александр Клебанов.

Үш өрт

Абай облысындағы өрт — министр Ильин кезіндегі ең үлкен үшінші өрт. Небәрі 9 ай бұрын 2022 жылғы 2 қыркүйекте Қостанай облысында өрт шықты. От жақын маңдағы ауылдарға жылдам тарап кетті. 43 мыңнан астам гектар орман қоры жойылып, екі елді мекенде жүзден астам тұрғын үй қирады, 12 адам жарақат алып, күйіп, орта және ауыр деңгейде уланып, бір адам қаза тапты. 10 қыркүйекте Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Бас прокуратура үш қылмыстық іс қозғады.

Юрий Ильин өрт адам факторынан болуы мүмкін деп болжады. Бір айдан соң «табиғи фактор болмағанын», «адам факторының болғаны анықталғанын» сенімді түрде айтты. Бас прокуратура тергеуі анықтағандай, бұл адам тракторшы Александр Репейко болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, бір жылға шартты жаза алды. Тергеу нұсқасынша, ер адам тракторды ұшқын сөндіргішсіз айдаған және цилиндр-поршенді тобы дұрыс жұмыс істемеген. Бұдан бөлек, Басаман орман шаруашылығының басшысы Асгат Жакашевқа қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды, оның ішінде өрт қаупі жоғары кезеңде орманды заңсыз кесуге жер бөлді деп айып тағылды.

Экобелсенділердің сөзінше, Қостанай облысындағы өрт орман шаруашылығы мекемелерінің дұрыс қаржыландырмау және материалды-техникалық базаның ескіру проблемасын көрсетті. Өңірде орманды алқаптың жартысынан көбі өртеніп кетті, оларды қалпына келтіруге ондаған жыл керек.

Ильин кезіндегі тағы бір өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысында болды. Нәтижесінде шамамен  300 гектар өрт жойылып, 31 тұрғын үй мен 37 шаруашылық құрылыс толығымен жанып кетті, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Риддердегі жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланды.

2019 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сол кезде ішкі істер министрінің орынбасары болған Юрий Ильинге өрт қауіпсіздігін қамту және алдын алу жұмысын дұрыс істемегені үшін сөгіс жариялады. Ильин премьердің сынына келісті: «кез келген мемлекеттік қызметкер немесе шен таққан адам басшылықтың шешіміне сын тақпайды. Ескерту алдық, сөгіс жариялады, бәрі объективті болды деп ойлаймын».

Ильиннің кезінде ТЖМ-де тағы не болды

2021 жылдың аяғында Юрий Ильин журналистерге аңшылық кезінде бизнесмендердің ТЖМ құтқару тікұшағын қолданғанын растады. Ол бизнесмендер BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев, бірнеше медиаресурс басшысы Армандан Байтасов және мұнай сервис компанияларының иегері Берік Қаниев, сонымен қатар Forbes миллиардерлерінің тізіміне кірген ресейлік Игорь Рыбаков болып шықты.

Профайл: Юрий Ильин — бұрынғы төтенше жағдайлар министрі

Ильин ҚР ТЖМ «Казавиаспас» авиациясына тиесілі тікұшақты жеке тұлғалар құтқару операцияларына емес, өз мақсаттарында пайдаланғанын растады, сондай-ақ сол үшін ақы алғаны туралы сыбысты жоққа шығарды. Министр журналистерге «бортқа қаруы бар адамдар кіргізген лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолданылғанын» хабарлады. Бизнесмендерге қатысты шара қолданылған-қолданылмағаны белгісіз.

2023 жылғы сәуірде «Казавиаспас» АҚ тағы бір даулы оқиғаға тап болды. Компанияның 32 ұшқышы жұмыстан кету туралы өтініш жазды. Ұшқыштардың сөзінше, негізгі себеп «ұшу қауіпсіздігі саласындағы қиын жағдай» мен 2019 жылдан бергі төмен еңбекақы болған. Қызметкерлердің шағымдарының арасында АҚ табысының ашық болмауы мен қызмет кезіндегі тұрғын үй жағдайының нашарлығы бар. Бұдан бөлек, компания бас директорының атына жазылған хатта БҚО-да 2023 жылғы 23 ақпанда болған Ми-8 тікұшағының апатын еске салған. Олар бұл оқиға «басқару мен жоспарлаудың сауатсыздығынан болған» деген пікірде.

Өз кезегінде, Ильин журналистерге жағдай туралы пікір білдіріп, еңбекақыны бәрі алғанын, ұшқыштар жылына 20 млн теңге алатынын айтқан. Министрдің сөзінше, жағдайдың дұрыс болмауы ТЖМ қызметкрелерін таңғалдырмауы керек.

ТЖМ құрылымындағы жұмысқа келетін болсақ, ТЖМ үнемі жақсы жағдайда жұмыс істемейтінін, тұрғын үй немесе құрылымды орналастыру үнемі бесжұлдызды қонақ үй жағдайына сай келе бермейді.

Юрий Ильин

Жұмыстан шығу туралы айтқан Ильин ұшқыштарды оқытуға бюджет қаражаты кеткенін, олар жұмыстан шықса, оны кәсіпорынға қайтаруы кере кболатынын ескертті.

2022 жылғы желтоқсанда министрліктің тағы бір басқармасында дау шықты. «ҚР ТЖМ Қазауылқорғау» ММ директоры Кәрім Көкрекбаев ұсталды. Оған  «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС «INFR.» филиалының директоры Андрей Поплавскийден  800 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылды. 2023 жылғы 24 мамырда Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазауылқорғау» мекемесінің бір емес, бірнеше басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады. Тергеу нұсқасы бойынша, олар кәсіпкерлерден атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып, оларға қолдау көрсеткені үшін ірі және өте ірі көлемде жалпы алғанда 396 млн теңге пара алған. Тергеу мүдделері үшін басқа ақпарат айтылған жоқ.

Абай облысындағы өрт

22 мамырда Абай облысында бір өрт болған. Ол Ресейдегі Алтай өңірінде басталып, Қазақстандағы «Семей орманы» қорығына дейін жеткен. Төрт күннен соң өрт сөндірілген. Ол кезде жанған жерлердің жалпы көлемі 3 500 гектар болды. Екі аптадан соң Батпаевск орман шаруашылығында тағы да ағаш өртенді. 9 маусымда Юрий Ильин «Экология министрлігінің орман шаруашылығы комитеті өрт масштабын о баста дұрыс бағаламаған» деп хабарлады. Оның сөзінше, күндізгі сағат 12-ге қарай оның аумағы үш гектардан аз болса, кейін бірден 100 гектарға жеткен. Сол күні Семейде жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 10 маусымда президент Тоқаев Ильинді қызметінен алып тастады. Оның орнына ҚР ТМЖ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясының басшысы болған Сырым Шәріпханов келді.

11 маусым күні таңертең мемлекет басшысы Абай облысына барып, өрттен зардап шеккен жерлердің үстінен ұшып өтіп, төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен өңір әкімі Нұрлан Уранхаевтың қазіргі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Соңғы деректер бойынша, өрттің жалпы аумағы 60 мың гектар болған, оның 43 мың гектары жанып жатыр. Өрт сөндіруге 300 техника, 1,5 мыңға жуық адам мен 14 тікұшақ тартылған. Операцияға қосымша Алматы, Алматы облысы ТЖ департаменттерінің күші мен құралдары, Қарағанды мен Алматы облыстары ТЖМ әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері жұмылдырылды.

Бүгінгі таңда өрттен жергілікті орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты. Олардың аты-жөні мен фотоларын ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі жариялады. Тағы бір адам, тракторшы Сергей Архипов жоғалып кетті.

Профайл: Юрий Ильин — бұрынғы төтенше жағдайлар министрі
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қаза тапқан 14 адамның бәрі төтенше жағдай кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

11 маусым күні жұмыс сапары кезінде Тоқаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, көңіл айтты. Сонымен қатар оларға «моральді, қаржылай немесе басқа да» көмек көрсетілетінін жеткізді. 13 маусым күні таңертең үкіметтің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына 7 млн теңгеге дейін, әр балаға 2 млн теңгеден берілетінін хабарлады.

Сонымен қатар қаза тапқандар мен зардап шеккендерді қолдау үшін жеке қор ашылды. 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккендерге гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын екенін айтты. Ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарға грантқа өту мүмкіндігі де қарастырылған.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Президент Жарлығымен 12 маусымда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қазіргі таңда Бас прокуратура ҚР Қылмыстық Кодексінің 292 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Контекст

2020 жылы «Семей орманы» қорығы Қазақстандағы ең көп өрт болатын жерлердің бірі болды.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz