Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы

Қоғам және мемлекет тарапынан мемлекетке еңбегі сіңген тұлғалардың еңбегін бағалап, оған құрмет көрсету мақсатында мемлекеттік марапат тағайындайды. Бірақ бұған қанша қаржы жұмсалады? Facthceck.kz редакциясы мемлекеттік сатып алу порталында Қазақстандағы мемлекеттік наградаларын дайындау жұмыстары бойынша қандай тендер жарияланғанын қарап көрді.

Тендер туралы

Мемлекеттік наградаларды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының (ҚР ПІБ) тапсырмасы бойынша жүзеге асырады. Аталмыш ведомство тапсырысымен 2024 жылдың 22 ақпанында мемлекеттік сатып алу порталында тікелей шарт тұжырымы бойынша бір дереккөздерден сатып алуға тендер жариялады. Ведомство жариялаған келісімшартқа сәйкес, мемлекет наградаларын дайындау жұмыстары қосымша құн салығын қосқанда 396 150 412 теңгеге бағалаған. Ал орындаушы ретінде Өскемен қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы белгіленген.

Тендердің техникалық сипаттамасына сай, мемлекеттік марапаттардың 1 128 данасы орден, 1 400 данасы “Ерен еңбегі үшін” медальі, 185 данасы көп балалы аналарға арналған “Күміс алқа” наградасы, 11 данасы құрметті атақтарға кіреді. Енді оларды жекелей қарастырып көрсек:

  • Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы
  • Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы
  • Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы
  • Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы
  • Президент іс басқармасы ордендерге 396 млн теңге жұмсамақшы

Тапсырыс орындалды ма?

Әзірше мемлекеттік сатып алу порталында тапсырысты орындаушы Қазақстан теңге сарайы 2024 жылдың 26 наурызында көрсетілген қызметтер бойынша 196 158 256 теңге алған. Орындалған жұмыстың ішінде 3 данадан “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері”, “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атақтары және 4 дана “Қазақстанның халық әртісі” дайындалуы керек. Одан бөлек, ордендерден 10 дана ІІ дәрежелі “Барыс”, 20 дана ІІІ дәрежелі “Барыс”, 200 дана ІІ дәрежелі “Айбын” және 351 дана “Құрмет” ордені дайындалған. Ал көрсетілген қызметтердің ішінде 510 дана “Ерен еңбегі үшін” медалі де барын байқадық.

Жалпы мемлекеттік сатып алу порталындағы келісімшартқа сай, аталмыш тендер 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланғанымен, оның жеткізу қызметі тамыз айында екені көрсетілген.

Контекст

2024 жылдың 15 наурызында “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар орденді көрнекті тұлғалардың атымен атау мәселесін қозғаған еді. Осы орайда, 2024 жылдың 26 сәуірінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қаулы қабылдап, артынша «Айбын» орденінің үш дәрежесі – Сағадат Нұрмағамбетов (I дәрежелі “Айбын”), Бауыржан Момышұлы (ІI дәрежелі “Айбын”) және Рақымжан Қошқарбаевтың (IІІ дәрежелі “Айбын”) атымен аталу туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік марапаттар қандай жағдайда беріледі?

  • “Барыс” ордені (3 дәрежелі) Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі.
  • “Айбын” ордені (3 дәрежелі) Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.
  • “Парасат” ордені ғылым және мәдениет қызметкерлері, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, сондай-ақ  адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызмет үшін немесе Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен жеке үлес қосқан азаматтар  марапатталады.
  • “Достық” ордені (2 дәрежелі) азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады.
  • “Құрмет” ордені мемлекеттік органдардағы үлгілі қызмет және белсенді қоғамдық қызметтегі үлгілі қызмет үшін экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениетті дамытудағы еңбектері үшін азаматтар марапатталады.
  • “Еңбек Даңкы” ордені (3 дәрежелі) өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.
  • “Ел бірлігі” ордені азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады.
  • “Ерен еңбегі үшін” медалі азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi және мемлекеттiк қызметтегi еңбек жетiстiктерi үшiн наградталады.
  • “Күміс алқа” наградасы алты және одан да артық балаларды туған және тәрбиелеген аналар марапатталады.
  • “Қазақстанның халық әртісі” атағы – Қазақстан Республикасының театр, цирк, музыка өнері мен кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын “Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі” (Заслуженный артист Казахстана) және (немесе) “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” (Заслуженный деятель Казахстана) құрметті атағына ие болған адамдарға беріледі.
  • “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы республика алдындағы үлкен еңбектері үшін көрнекті мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік саланың өкілдері марапатталады.
  • “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” атағыаса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге беріледі.

Журналист-фактчекер, әлеуметтік ғылымдар магистрі. Factcheck.kz сайтының авторы. Poynter Institute ұйымының онлайн-курсынан өткен.

Factcheck.kz