Жалған | The Lancet вакцинацияға мәжбүрлеудің қылмыстық саясатын талқандады

30 қарашада екпеге қарсы «Врачи за правду» телеграм-каналы 2021 жылғы 29 қазанда әйгілі The Lancet медициналық журналында вакцинацияға қатысты жойқын мақала жарияланғанын мәлімдеген пост салды. Әрі қарай негізгі тезистерді, жұмсартып айтқанда, еркін түсіндіру түрінде бірқатар мәлімдеме жасай отырып, пост авторы болжамды түрде былай деп жазды: «…вакцина коронавирус ауруынан қорғамайды… Барлық «өзіңді және басқаларды қорғау» үшін вакцина салу «жалған (фейк) болып шықты».

Шынымен де екпеге қарсы ресурс сілтеме жасап отырғандай, 29 қазанда Lancet журналы «Ұлыбританияда вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарда SARS-CoV-2 штамының дельта (B. 1.617.2) вирус жүктемесінің контакт инфекциясы және кинетикасы: болжамды, ұзақ мерзімді, когортты зерттеу» деген мақала жариялағаны рас. Дегенмен вакцинацияға қарсы арнаның зерттеу нәтижелері мен міндеттерін түсіндіру жұмыстың мағынасын толығымен бұрмалайды және канал оқырмандарына (материалды жазу кезінде 147, 9 мың қаралым болды) зерттеу нәтижесі мен мәні туралы жалған түсінік береді. Мұны түсіну үшін @vzpinfo мәлімдемелерін мақалада жазылғандармен салыстыру керек. Мұны бірге істейміз бе? — оның үстіне, екпеге қарсы телеграм-каналда (бұл ондайларға тән!) мақаланың дәл аудармасы бар.

Бірақ әуелі фейктің қалай таралғаны туралы айтайық. Мәтін әлеуметтік желілерде және барлық сайт пен форумда көптеп репосталды. 19 қарашада оны Мария Шукшина (материалды жазу кезінде оның репосты 73,5 мың рет қаралды), ал 17 қарашада Эфир Живой (112,9 мың рет қаралды) жариялады. Британдық болжамдық зерттеулерге қатысты жалған қорытындыларды бірінші болып таратқан Эфир Живой болса керек — кем дегенде Telegram-да таратқан.

Мәлімдеме: Вакцинацияланған және вакцина алмағандар арасында ең жоғары вирус жүктемесінің айырмасы жоқ. Демек екеуі де вакцинация мәртебесіне қарамастан, коронавирустың ауыр ағымымен бірдей ауыруы мүмкін. Вакцинация сізді коронавирустан, әсіресе оның жаңа штамдарымен ауырудан құтқармайды және вакцина алған адам (ревакцинацияланған пациент те) вакцинацияланбаған адам сияқты ауырып қалуы мүмкін.

@ vzpinfo, @ Live_Ether, @mariashukshina

Үкім: Манипуляция және жалған

Шынында да, зерттеу авторлары «Контекстегі зерттеу» тарауында, «Зерттеудің тағы бір құндылығы» тармақшасында былай деп жазады: «Ең жоғары вирус жүктемесі вакцинациялау мәртебесіне немесе штамм түріне қарай ерекшеленбейді, бірақ жасына қарай біршама артты, – алайда бұдан әрі былай делінеді, – Вакцинацияланған адамдарда дельта штамы бар вирус жүктемесі альфа- немесе дельта-штамдары бар вакцинацияланбағандарға қарағанда жылдамырақ төмендеді».

Осылайша, вакцинацияға қарсы канал ұйымдастырушылары «вирустың ең жоғары жүктемесі» және «ауру ағымының ауырлығы» ұғымдарын манипуляциялай отырып, зерттеудің мәнін тікелей бұрмалайды, дельта штамы анықталған вакцинацияланған пациенттердегі вирус жүктемесі тез төмендейді, сондықтан олар жылдамырақ қалпына келеді. Жылдамырақ деген оңай ма, қиын ба немесе бірдей ме? – бұл сұрақ ешқандай риториканы білдірмейді.

Сонымен қатар, зерттеуде ауыр жағдайлар (вакцинация мәртебесіне қарамастан) мүлдем қарастырылмаған, мәтіннің бірінші абзацында былай делінген: «Біздің мақсатымыз — қоғамдастықта дельта штамының жеңіл инфекциясы бар вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарға кинетикалық берілуін және вирус жүктемесін зерттеу».

Сонымен вакцина түрлерінің тиімділігі белгілі, сонымен қатар, серпінді инфекция деп аталатын құбылыс бар. Бұл туралы ғалымдар бірнеше рет айтқан.

Дегенмен пікірді талдауға қайта оралайық. Мақала мәтінінде ревакцинацияланған азаматтардағы ауру ағымы туралы ештеңе айтылмаған. Ұлыбританияда ревакцинация қыркүйектің ортасында, дәл осы «Ланцет» жазған зерттеу аяқталған кезде ғана басталған. Коронавирустың таралуына қарсы күресте вакцинация мен ревакцинация тиімділігіне келетін болсақ, зерттеушілер бұл туралы «Талқылау» тарауында жазады:

«Қолданыстағы вакциналар ауыр аурулар мен COVID-19-дан болатын өлімінің алдын алу үшін тиімді болып қалғанымен, біздің нәтижелеріміз вирус тез және тұрақты жұғатыны үйде дельта штамы таралуының барлық жағдайын болдырмау үшін вакцинацияның жеткіліксіз екенін көрсетеді. Жасөспірімдерді ревакцинациялау және вакцинациялау бағдарламалары арқылы популяциялық иммунитетті көтеру қазіргі уақытта вакцинацияның вирус таралуын шектейтін әсерін күшейтуге көмектеседі. Бұл ретте біздің талдауымыз вакцинация және фармакологиялық емес іс-шаралар (профилактикалық және карантин шаралары — автор) дельта штамынан туындаған денсаулыққа келетін ауыртпалықты болдырмау үшін әлі де үлкен роль атқарады».

Зерттеу туралы: Шын мәнінде бұл не?

«Ланцеттегі» мақалада Ұлыбританияда жүргізілген «Байланыс кезінде COVID-19 таралуы мен жұғуын бағалау» (the Assessment of Transmission and Contagiousness of COVID-19 in Contacts) немесе ATACCC зерттеулерінің нәтижесі туралы баяндалады. Оған 600-ден астам адам қатысты. 2021 жылғы 25 мамырдан 5 қыркүйекке дейін Лондон мен Болтонда жүргізілген зерттеудің 2-кезеңі аясында жекеменшік үй ішінде (яғни, отбасы — автор) және басқа да жақын байланыстар арасында дельта штамының таралу дәрежесін анықтау мәселесі зерттелді. Сондай-ақ, вакцина статусының осындай жағдайларда жұғу ықтималдығына әсері бағаланды. Зерттеуде пре-альфа, альфа және дельта штамдарын жұқтырған вакцинацияланбаған қатысушылар дельта штамы анықталған вакцинацияланған қатысушылармен салыстырғандағы ең жоғары вирус жүктемесі, өсу мен төмендеу жылдамдығы айырмашылықтары талданды. Солайша, субъектілер шартты түрде 4 топқа бөлінді.

Тағы да айтайық, жұмыстың мақсаты — үйде бірге тұру жағдайында дельта штамының жеңіл инфекциясы бар вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдарда вирус жүктемесінің берілу механикасын және траекториясын зерттеу (өсу — ең жоғары көрсеткіштер — белгісіз деңгейге дейінгі төмендеу фазасы). Маңызды: ATACCC-қа о баста вирус жұқтырғаны ПТР тесті арқылы расталған азаматтар және олармен байланысқандар ғана қатысты. Вакцинацияланған адам ауырмаған, сондықтан инфекцияны одан әрі таратпаған жағдайлар зерттеу шеңберінен тыс қалды. Сол себепті «вакцинация құтқармайды» деген пікір орынды емес.

Мәлімдеме: Мақала авторлары пікірінше, вакцинацияның жалғыз бонусы — вакцинацияланған адамдарда вирус жүктемесінің тез төмендеуі, яғни олар жылдамырақ қалпына келеді (сәл ғана тезірек). Сонымен қатар, вакцинациядан кейінгі қауіп-қатерлерге ұрынуы мүмкін (асқынулар және т.б.)

@vzpinfo,@Live_Ether, @mariashukshina

Үкім: Манипуляция және Жалған

«Резюме» тарауында, «Зерттеу нәтижелері» тармақшасында шынымен былай делінген: «Дельта» штамы бар толық вакцинацияланған адамдарда пре-альфа (0-69), альфа (0-82) немесе дельта (0-79) штамдары бар вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда вирус жүктемесі төмендеуінің орташа жылдамдығы (тәулігіне қан плазмасының миллилитріне 0-95 log көшірмесі) жоғары болды.

Кестеде вакцинация жағдайы мен штамға топтарда вирус жүктемесінің төмендеу жылдамдығы көрсетілген.

Бірақ мақалада былай түсіндіріледі: ең жоғары вирус жүктемесі (ВН) ең жоғары көрсеткіштерінен белгісіз көрсеткіштерге дейін орташа есеппен 10 күн өтетінін ескере отырып, пре-альфа штамы бар топта және дельта-нұсқасы бар вакцинацияланған субъектілер тобында ВН төмендеу фазасының орташа айырмашылығы 3 күн болды. Мұның қаншалық елеусіз екенін талқыламай-ақ қоялық. Еске салайық, қатысушының барлығында ауру жеңіл формада өткен.

Зерттеу барысында вакцинацияланған қатысушылар арасында вирустың жұғу көрсеткіші вакцинацияланбағандарға қарағанда төмен екені анықталды: 25% және 38%. Демек бонус біреу ғана емес.

Бірақ пікірді талдау мына маңызды ескертусіз толық болмас еді: мақалада вакцинациядан кейінгі қауіп пен асқыну туралы бірде-бір сөз жоқ.

Мәлімдеме: Толық вакцинацияланған адам инфекцияны үйде, соның ішінде толық вакцинацияланған адамға жылдам жұқтыра алады. Осылайша, вакцина коронавирустан қорғамайды. Толық вакцинацияланған науқас (2 немесе үш инъекциядан кейін, ревакцинациядан кейін) вакцинацияланбаған адам сияқты аурудың ауыр ағымымен ауыруы мүмкін. Бұл жағдайда вакцинацияланған адам вакцинацияланбаған адам сияқты басқаларға да жұқтырады. «Өзіңді және басқаларды қорғау» үшін вакцина салдыруға шақырудың барлығы фейк (жалған) болып шықты.

@vzpinfo,@Live_Ether, @mariashukshina

Үкім: Жалған және Манипуляция

Жоғарыдағы пікірді ішінара талдадық: біріншіден, қатысушылар арасында аурудың ауыр ағымы бар адамдар болған жоқ, тек жеңіл түрі бар. Сондықтан вакцинаның статусына байланысты коронавирус инфекциясының салыстырмалы ауырлығы немесе жеңілдігі туралы айтылмаған. Екіншіден, жоғарыдан қараңыз, мақала авторлары, керісінше, дельтаның жұқпалылығы фонында қосымша шара ретінде тәуекел тобындағы адамдарға вакцина салдыруға және фармакологиялық емес қорғауға, сондай-ақ, жасөспірімдерді ревакцинациялауға шақырады.

Үшіншіден, зерттеу, негізінен, вакцина статусына қарамастан, отбасыларда дельта штамының таралу жағдайларын ғана талдады. Лондон мен Болтонның вакцинацияланған (сонымен бірге вакцинацияланбаған) тұрғындары ауырмаған немесе үйде вирус жұқтырмаған жағдайлар зерттеуден тыс қалды.

Осылайша, вакцинацияға қарсы канал авторлары өз мәлімдемесінде ғалымдардың жеке бақылауларын және олардың жұмысы нәтижесін зерттеудің жалпы контексінен де, тұтастай алғанда пандемия контексінен де алып тастайды, ұғымдарды алмастырып, шын мәнінде, фактілерді бұрмалайды.

Бұл ретте, шын мәнінде, «Резюме» тарауында, «Интерпретация» тармақшасында былай делінген: «Вакцинация дельта-штамды жұқтыру қаупін азайтып, тезірек сауықтырады. Дегенмен жедел инфекциясы бар толық вакцинацияланған адамдарда және вакцинацияланбаған науқастарда вирус жүктемесі ұқсас. Толық вакцинацияланған азаматтар инфекцияны үйде, соның ішінде байланыста болған толық вакцинацияланған адамдарға оңай жұқтыра алады…».

Түсіндірейік: іс жүзінде, біз инфекция тасымалдаушысымен тығыз және ұзақ мерзімді өзара әрекеттесу жағдайындағы инфекцияны жұқтыру қаупі туралы айтып отырмыз, бұл кезде серпінді инфекцияның ықтималдығы жоғары.

Жоғарыда келтірілген дәлелдерге және вакциналардың тиімділігіне және ауру мен өлім-жітім деңгейінің халық арасындағы вакцинация деңгейіне байланысына (өлім-жітім деңгейінің вакцина мәртебесіне баланысты екенін айтпағанда) қатысты бүгінгі күні қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, біз барлық саналы азаматты мүмкіндігінше тезірек вакцинациялауға тағы бір рет шақырамыз – бұл пандемияны тоқтату жолындағы маңызды қадам.

Қорытынды:

  • Мессенджердегі пост талдауы хабарлама авторы сілтеме жасаған ғылыми мақалада оқырмандарға берілген ақпаратты толық бұрмалап отыр, ал хабарлама тақырыбы жалған.
  • Хабарламада, басқа бұрмалаулармен қатар, «ең жоғары вирус жүктемесі» және «аурудың ауыр ағымы» ұғымдары араласып кеткен. Оған қоса, хабарлама авторлары маңызды контекстен фактілер мен деректерді алып тастап, өзіне ерушілерге жалған ақпарат береді.
  • «Ланцет» журналындағы мақала авторлары «вакцинацияға мәжбүрлеу саясатын талқандамайды», керісінше олар ауыр салдары болуы мүмкін адамдарды, соның ішінде оларды вакцинация арқылы қорғау қажеттігі туралы жазады.
  • Сонымен қатар, «Ланцет» журналындағы мақала авторлары жасөспірімдерге вакцинация салу мен ревакцинация жасау қоғамда вирустың таралуынан қорғауды күшейту шарасы деп біледі.
Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)