Манипуляция | Қазақстанда шетел валютасын сатып алуға тыйым салынды

10 наурыз күні мұнай бағасы құлдырап, көптеген қазақстандық, ресейлік және басқа елдердегі БАҚ Қазақстанда шетел валютасын сатып алуға тыйым салынғаны жөнінде материалдар жариялады.

Манипуляция | Қазақстанда шетел валютасын сатып алуға тыйым салынды

Үкім: Манипуляция

Танымал медиалардың ақпараттың тақырыбы мен мәтінін осылай беруі көпшілікті шатастырып жіберуі мүмкін. Мәтіндегі мәліметті оқып шыққан соң Қазақстанда валюталық операцияларға толық тыйым салынды деп ойлап қалуыңыз мүмкін, шын мәнінде олай емес. Валюталық операцияларға шектеу (тыйым салынған жоқ) тек мемлекеттік және квазимемлекеттік компанияларға қойылды.

Адамдарды жаңылыстыратын материалдардың пайда болуына ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың «Интерфаксқа» берген сұхбаты себеп болды:

Валюта нарығындағы барлық қатысушылар, квазимемлекеттік сектор валютаны өзінің міндеттерін орындау аясында ғана алуға мүмкіндігі бар. Егер ол құрал-жабдық сатып алса немесе валюта түріндегі қарыздарын өтесе. Ал, сатып алу (валютаны – ИФ) мен сақтауға тыйым салынды…

Берік Шолпанқұлов – “Интерфаксқа” берген сұхбатынан

Вице-министрдің сөзінен шектеу барлығына қойылмағанын аңғаруға болады. Дегенмен көптеген материалдарда Шолпанқұловтың мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар туралы сөзі нақтыланбай берілді.

Кімдерге шектеу қойылғаны туралы нақты түсінік пен оқырмандарды шатастырмайтын материалды біз тек Forbes.kz пен Finmarket.ru сайтынан таптық.

9 наурыз күні биржаның алғашқы жаңалықтарынан соң бірден Қазақстанда валюта ауыстыруға мораторий жарияланғаны туралы тағы бір фейк пайда болды.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz