Жалған: Ұлттық банк валюта айырбастауға мораторий жариялады

Ұлттық банк Қазақстан аумағында валюта айырбастауды тоқтатпағанын хабарлады. Банк желіде тарап жатқан шетел валютасын айырбастауға мораторий енгізу туралы құжат бойынша пікір білдірді.

Жалған: Ұлттық банк валюта айырбастауға мораторий жариялады

«Ұлттық банктің баспасөз қызметі 2020 жылдың 10 наурызынан 13 наурызына дейін шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізуге толық мораторий жариялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды» деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Банк хабарламалар мен әлеуметтік желілер арқылы таратылатын құжатта Ұлттық Банк Төрағасының қолы, мөрі мен шығыс нөмірі жоғын және Ұлттық банктің ресми бланкі басқаша екенін хабарлады.

Factcheck.kz