Кейінгі кезде Facebook пен Threads желілерінде елімізде тұратын адамдардың 98%-нің жеке үйі бар деген дерек тарап жатыр (1, 2, 3). Тараған ақпараттардың бірінде «World Bank статистикасына сәйкес 2018 жылы Қазақстанда 95% адамның өз үйі болған» деп жазылған. Ал енді бірінде «Қазақстан халқының барлығы дерлік, атап айтқанда 98 проценті жеке баспанаға ие» деп көрсетілген. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш бойынша дүние жүзінде бірінші орында тұрғанымызды да жазылған. Біз тараған мәлімдемедегі басқа елдерге қатысты дерек таба алмадық, дегенмен Қазақстандағы статистиканың қаншалықты рас екенін тексеріп көрейік деп шештік.
Үкім: Жалған
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың Factcheck.kz редакциясына берген жауапбына сәйкес, 2024 жылы 1 221 353 тұрғынның жеке меншік үйі бар. Ал, бұл еліміздегі 20 млн адамның 6% болады. 2018 жылы 1 115 837 адамның үйі болса, елімізде 17 млн адам тіркелген. Сонда, ол жылы да 6% адамның жеке үйі тіркелген.
Қанша жастан бастап жеке үйге иелік ете алады?
Қазақстанда 18 жасқа толмағандардың атына жеке үйді тіркеуге тыйым салынбаған. Алайда, 18 жасқа толмағандар мүлікке өз бетінше иелік етпейді. Кәмелетке толмаған адам өз бетінше үйді сатып немесе айырбастай алмайды. 16 жастағы адам еңбек шартымен жұмыс істеген жағдайда ғана өз бетінше үйге толық иелік ете алады. Елімізде үйді тіркеудің шектік жасы болмағандықтан, барлық халықтың санымен есептедік.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың дерегіне сәйкес, 2024 жылы 151 641 адамда екі немесе одан да көп баспана тіркелген.
Екі немесе одан да көп үйі бар адамдар саны:
- 2018 жылы – 101 800
- 2019 жылы – 126 821
- 2024 жылы 151 641
- 2020 жылы – 124 506
- 2021 жылы – 265 648
- 2022 жылы – 215 798
- 2023 жылы – 169 692
Желідегі деректерден осы көрсеткіштер бойынша әлемдік рейтиңді байқауға болады. Соның бірінде Дүниежүзілік банкке сілтейді. Алайда, дүниежүзілік банк қанша үйге иелік ететіні туралы статистика жүргізбейіді. Ал, деректер wikipedia-дан алынған. Wikipedia world population review деректеріне сілтесе, олар wikipedia-ға қайта сілтеме қалдырады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.