Израиль жаңа жылдық шыршаны палестиналық балалар мүрдесімен безендірді ме?

Жақында әлеуметтік желілер (1, 2, 3) мен месенджерлерде “Израиль шыршаны кебін киген палестиналық балалармен безендірді”,- деп жазылған фото тарады. Кейбір хабарламада орыс тіліндегі “Саван” (қаз. — кебін) сөзінің орынна “Салафан” сөзі кездеседі.

  • Израиль жаңа жылдық шыршаны палестиналық балалар мүрдесімен безендірді ме?
  • Израиль жаңа жылдық шыршаны палестиналық балалар мүрдесімен безендірді ме?

Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Үкім: Фейк

Желіде тараған шырша шын өмірде бар: ол Израильде емес, Ирактың Бағдат қаласындағы Тахрир алаңында орналасқан. Шыршадағы декорация Палестина жалауымен және кебінге оралған адам денесіне ұқсас символдық ойыншықтармен безендірілген.

Шыршаның артқы фонынан Бағдаттағы Бостандық ескерткішін байқауға болады. Шыршаның басқа ракурстан түсірілген суреттерін Reuters-тің жергілікті фотографы Ахмед Садтың да Instagram парақшасынан көруге болады.

Израиль жаңа жылдық шыршаны палестиналық балалар мүрдесімен безендірді ме?
Ахмед Садтың парақшасының скрині

Фотограф суреттің астындағы сипаттамада “Бағдаттағы Тахрир алаңына қойылған рождестволық шырша Газадағы палестиналықтармен ынтымақтастықты білдіретіндей кебінге оранған балаларға ұқсайтын заттармен безендірілді” деп жазылған.

Яғни шырша Газада қайтыс болған балаларды еске алу мақсатында ослай безендірілген. Dawn басылымның хабарлауынша, шыршадағы декорация Израильдің кінәсінен бейбіт тұрғындардың өлімін көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz