Израиль-ХАМАС соғысы: 53 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапты

2023 жылғы 7 қазанда басталған Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста 50-ден астам БАҚ қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Журналистерді қорғаумен айналысатын халықаралық ұйым хабарлады.

Ұйымның хабарлауынша, 22 қарашадағы жағдай бойынша, 53 журналист пен БАҚ қызметкерінің қаза тапқаны туралы ақпарат расталды. Оның ішінде 46 адам — палестиналық, төртеуі — израильдік, үшеуі — ливандық маман.

Оған қоса 11 журналист жараланған, 18 журналист қамауға алынған. Үш журналист іс-түссіз жоғалып кеткен.

Журналистер дағдарыс кезінде маңызды жұмысты атқарып жатқан бейбіт тұрғындар. Олар соғысып жатқандардың нысанасына айналмауы керек. Әр аймақтың журналистері жантүршігерлік қақтығысты көрсету үшін үлкен құрбандыққа барып отыр.

Шериф Мансур, Журналистердің құқығын қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымның Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бағдарламасының үйлестірушісі.

Сонымен қатар ұйым басқа журналистердің өлтірілгені, жоғалып кеткені, ұсталғаны, жарақаттанғаны, БАҚ кеңселері мен журналистердің үйлерінің бұзылғаны туралы көптеген расталмаған мәліметті тексеріп жатыр.

Ұйым қаза тапқан, жараланған және жоғалған журналистердің тізімін жариялады. Оны мына сілтемені басып, оқуға болады. Тізімде ақпарат жинап, жаңалық таратқан журналистердің есімі жазылған. Дегенмен олардың конфликт туралы ақпарат таратып жатқанда қайтыс болып-болмағаны белгісіз. Тізім жаңарып отырады.

Factcheck.kz