Ерекше ойлайтындарды қудалаудың жаңа маусымы

Qaznews24 авторы Темірлан Еңсебекті қамауға алып, қылмыстық іс қозғау арқылы билік қандай нәтиже күтіп отыр? Әрине, медиа қауымдастықтың өз-өзіне цензура қоюын күшейту. Бұл, ең әуелі, журналистер мен блогерлерге «қызыл шекара осы» деген белгі. “Шекарадан” ассаңыз, “көрсетемін” деген емеурін. Бұл шекараның арғы бетінде қанын сорғалатып Қаңтар тұрған сыңайлы. Әзіл-сықақ форматында культтік деңгейге жеткен виралды Qaznews24 бұл тақырып туралы бірнеше рет жазған еді.

Неге дәл қазір? Апта соңында. Трамптың инаугурациясына бірнеше күн қалғанда, Израиль мен Хамас арасындағы келісімнің және басқа да маңызды оқиғалар қарсаңында. Әдеттегідей билік осы жағдай демалыс күндері мен одан кейінгі үлкен жаңалықтардың көлеңкесінде қалады деп ойлайтын болар. Тіпті, Трамптың қайта билікке келуі автократтарға үміт сыйлап отыр.

Ақ үйдің жаңа әкімшілігі басым бағыттар қатарына адам құқықтарын қосуы екіталай. Сондықтан Темірлан кейсі Қазақстандағы ерекше ойлау мен пікір еркіндігіне қарсы жаңа маусымның бастамасы юолуы мүмкін. Қазір бұл іс жылы жабылса, «алауыздықты қоздыру» мен «алауыздықты қоздыратыақпарат тарату» бойынша осыған ұқсас көп жағдайға куә болатынымыз анық.

Жағдайға қарай қолданылатын 174-баптың мазмұны мен дискреттілігін ұзақ айтуға болады. Анықтап қарасақ, бұл бап дәл осындай «месседждерге» арналғандай. Бұндай баптар азаматтардың құқықтарын қорғау үшін емес, саяси айла-тәсілдерді жүзеге асыру үшін жасалатынын бәріміз де түсінеміз ғой.

Биліктің әзілді түсінбейтініне де риторикалық тұрғыдан таңғалуға болады. Десе де, абилікті жалпы адамзатқа тән юмор сезімінен ада деп айту қиын. Кез келген билік үшін ең жақсы әзіл – соңғы болып күлетін адамның қолында.

Тәуелсіздік жылдары билік сынға, әсіресе халықаралық ұйымдар сынына иммунитет қалыптастырып, беті қалыңдап кетті. Адам құқықтарын қорғау саласындағы ұйымдардың әрекеттерін оңай болжайды. Ал Темірланды қолдап жатқан тараптар, шамамен, биліктің алдын ала ойластырылған сценарийі шеңберінде әрекет етіп жатыр. Бастама биліктің қолында және одан айырылуы екіталай.

Темірланды қорғаушылардың әрекеттері билік үшін болжамды және жеңіл қабылданатын болмақ. Себебі олар гуманизмге негізделген. Басқаша бола да алмайды: мәлімдемелер, мақалалар, посттар, стикерлер… Әрине, адвокат пен қорғаушылардың жұмысы өте маңызды. Бірақ мұндай істерде құқықтық аспекті екінші орында екенін ұмытпаған жөн.

Ал екінші жағынан «құқықтық жүйе» белсенді іске қосылып, өзін құқық қорғаушылар етіп көрсеткісі келетіндер шығады. Олар оны босату үшін «компромисс» іздеуге, дәлірек айтсақ, биліктің қажет нәтижеге жетуіне көмектеседі. Ал нәтижесі қандай болуы мүмкін? Ақпарат, ынтымақтастыққа келісу, белгіленген шекаралардан аспау шығар. Бірақ осындай үлкен шу тудырып, ешқандай нәтиже шығармауы екіталай. Бәлкім, барлығына көрсету үшін ұзақ мерзімге қамауды мақсат еткен болар?

Мұндай жағдайда, үйреншікті әрекеттерден бөлек, күтпеген әрі қатаң шаралар қажет. Қазақстандық журналистер мен құқық қорғаушылардан ғана емес, елшіліктер мен халықаралық ұйымдардан да әрекет керек. Украиналықтар үшін мэмге айналған батыс дипломаттарының «алаңдаушылығы» автократияларға теңіз тамған тамшыдай ғана әсер етеді. Ал тамшы мен теңізді салыстыру мүмкін емес.

Бұл жағдайда азаматтық қоғамның ұйымдастқан түрде қатаң жауап беретін әрі проактивті әрекеттері, кризиске қарсы стратегиясы керек. Қажет болса адам құқықтарын бұзған қазақстандық шенеуніктерге Батыс елдерінің санкция салуын талап етуге дайын болу қажет. Билік “әзіл-қалжыңды түсінбесе”, соңғы болып күле алмайтынын жеткізу керек. Сатира – қылмыс емес!

Директор Международного центра журналистики MediaNet, медиа-тренер, консультант, журналист. Инициатор и разработчик нескольких обучающих проектов: «Практическая журналистика», Медиа-Школа (независимая школа журналистики) и др. Основатель Factcheck.kz

Factcheck.kz