Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр

Instagram желісінде Қазақстан азаматтарына әлеуметтік төлем беріліп жатқанына қатысты ақпарат тарады. Instagram-да @bank.24.online.24 парақшасы таратқан ақпаратта бір реттік әлеметтік төлем жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады-мыс. Сонымен қатар, парақшада сілтеме көрсетіліген, сол арқылы өтіп өз ЖСН- іңізді жазып және сізге қанша ақша бөлінгенін тексеріңіз делінген. Азаматтарға 140 мың теңгеден бастап таратып жатыр деседі. Сайт бетінде Халық банк және Visa компанияларының логотиптері бар.

  • Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр
  • Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр
  • Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр
  • Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр

Үкім: Фейк

Halyk bank ресми жауабына сай – бір реттік әлеуметтік төлемге қатысты ақпарат алаяқтық жазба. Ақпарат таратқан Instagram парақшасы мен сайт Halyk bank-ке тиесілі емес және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне де еш қатысы жоқ. Сонымен қатар, министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларында бір реттік әлеуметтік төлемге қатысты ақпарат жоқ.

Фишинг ақпарат таратқан сайт доменін Who.is арқылы тексеріп көрдік: minfinkz.top атауы 2024 жылдың 6 тамызында АҚШ-та тіркелген. Әдетте алаяқтық сайттар шетелде тіркеледі, сол себепті оларды бұғаттау қиындық тудырады. Ресурс туралы басқа ақпарат – құпия.

Абайлаңыз, Алаяқтар! Қазақстандық банк ақша таратып жатыр
Домен туралы ақпарат

Алаяқтардан сақтану үшін не істеу керек?

  • Алдымен ресми дереккөздерді тексеріңіз, мемлекеттік сайт немесе ресми парақшасында сіз іздеген ақпарат табылмаса, бұл – сенімсіз ақпарат.
  • Ақпаратқа сенбес бұрын парақша мен сайт доменін тексеріңіз. Ресми мемлекеттік ресурстарда міндетті түрде .gov деген домені болады.
  • Instagram немесе мемлекеттік веб-сайттар ешқашан DMs арқылы құпия сөзіңізді немесе жеке мәліметтеріңізді сұрамайтынын есте сақтаңыз.

Редакция өз кезегінде осындай сипаттағы жазбаларға жеке деректеріңізді енгізбес бұрын, ресми ұйымдармен байлынысқа шығып, ақпараттың рас-өтірігін тексеру маңызды екенін ескертеді. Осындай сипаттағы алаяқтықтан сақтану үшін мына материалды оқып шығуға кеңес береміз.

Журналист-фактчекер, OFA 2023 түлегі, KIMEP университетінің 3-курс студенті

Factcheck.kz