Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

Қазнетте ара-тұра тіркеліп үлгергендер қомақты қаржыға кенеледі деп шақыратын «ақша табуға болатын платформалар» туралы хабарламалар тарап тұрады. Олар адамның назары түсуі үшін танымал қазақстандық компаниялардың атын жиі пайдаланады. Мысалы, қазақстандықтарды  «ҚазМұнайГаз» компаниясы «серіктес болуға» шақырып жатады. Ол аз десең бұған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірген-мыс. Factcheck.kz редакциясы «видео астындағы сілтемеге өтіп», қомақты пассив кіріс алуға бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеп, мәселенің анық-қанығын білуді жөн көріп отыр.

Үкім: Алаяқтық

«Пассив кіріс әкелетін платформалардың» пайда болғаны туралы алғаш рет естіп отырған жоқпыз. Бірнеше жыл бұрын да белгілі еді. Осы уақыт аралығында «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұндай саламен еш қатысы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеп үлгерді (1, 2).  Еліміздің мұнайгаз саласындағы алып компаниясы мұндай алаяқтықтың жолын кесу үшін ҚР қаржылық мониториң агенттігіне, ҚР Ұлттық банкіне және ҚР ІІМ-не жүгінген. Сондай-ақ фейк сайттар мен аккаунттарды бұғаттау үшін сұраныс жіберген, дегенмен компанияда бұлардың бәрі дерлік шетелде тіркелгенін, сол үшін бақылауда ұстау қиынға соғатынын да айтып өтті. «ҚазМұнайГаздан» бөлек, алаяқтар өзге брендтердің атынан сөйлетінін де естен шығармаған жөн. Олардың қақпанына түспеу үшін бар ақпаратты ресми сайттан тексеріп көру керек.

Алаяқтардың айласы мен инвестициямен айналысуға болатын платформалардың айырмашылығы сол, жұмыс істеп тұрған ресми платформалар ешқашан ұлттық компаниялар немесе мемлекеттік шенеуніктердің атынан вирустық видеолар таратпайды және ешқашан аз уақытты сылтауратып, толағай табысқа кенелесің деп уәде бермейді. Маңызды бір жайтты айта кетейік, асылында инвестициямен айналысатын делдалдарда құнды қағаз нарығында жұмыс істеуге рұқсат ететін лицензиясы болуы керек. Брокердің лицензиясы бар ма, жоқ па екенін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтынан көруге болады.

Ал брокерді өз бетіңмен тексерудің басқа да жолы «Курсивтің» мына материалында жазылған.

«Инвестиция жасауға арналған “ҚазМұнайГаздың” платформасы»

Осы материалды жазуға себеп болған су жаңа видеода авторлар инвестиция жасауға арналған платформаға ақпанның соңына дейін тіркеліп үлгеру керек деп айтады.

Бұл «ҚазМұнайГаздың» алғашқы «ұсынысы» емес. 2023 жылдың 15 маусымында және 2022 жылдың 26 тамызында компания ресми түрде алаяқтардың өз атынан әрекет етіп жатқанын мәлімдеген (1, 2). 2022 жылы шыққан видеоны мына жерден көруге боладын.

Бейнероликті ашық ақпарат көздерінде бар кадрлар және бейнеролик үстіне жазылған жазумен жасаған. Бұл жерде қолданған видеолардың түпнұсқасында Қасым-Жомарт Тоқаев «дивиденд алуға болатын инвестиция жасауға арналған платформалар» туралы ештеңе айтпағаны түсінікті шығар.

Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

Мысалы, 2022 жылы шыққан бейнероликке Қасым-Жомарт Тоқаев өз аузымен айтқан цитатасы қосылған, бірақ ол жерде сөз астары бұрмаланған. Негізінде президент Самұрық-Қазына және «ҚазМұнайГаз» компаниялары жасап жатқан жобаларда ресейлік «СИБУР Холдинг» компаниясымен серіктестік орнатудың пайдасы туралы айтқан.

Жаңа видеода Қазақстан халықтары ассамблеясының 32-сессиясындағы сюжеттің бір бөлігі алынған, ал ол жерде ешқандай төлем мен дивиденд туралы әңгіме болмағаны сөзсіз.

Кадр сыртындағы дауыс «ақша таба бастау» үшін тіркелу керек екенін айтады. Көрсетілген сілтемелер ішінде https://munkaz.fun/fBs83bgT және Investment course бар. Соңғысы әлі жұмыс істеп тұр, дегенмен ресурс туралы бар мәліметті жасырып қойған. Бізге тек тіркелу уақыты ғана белгілі – 2024 жылдың ақпаны.

Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

Сілтемеге өткенде желі қолданушысына 3 минут уақытыңды алатын инвестиция жасау тәжірибесі мен қанша қаржы тапқысы келетіні туралы 7 сұрақ қойылады, содан кейін аты-жөні, электронды поштасы мен телефон нөмірі секілді жеке мәліметтерді енгізуді ұсынады. Жеке мәліметтерді беруге болмайтынын ескертеміз.

  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік
  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

«ҚазМұнайГаздың» релизінде де осыған ұқсас алгоритм айтылған.

Фейк сайттарына алғаш кірген желі пайдаланушыларын алдымен «тест өтуге» шақырады немесе екі-үш сұраққа жауап беруін сұрайды, осы арқылы қылмыскерлер кірген адамның электронды поштасын, азаматтығы мен телефон нөмірін біліп алады. Адамды сендіру үшін сайттарда ҚР Ұлттық банкі берген құнды қағаздар нарығының кәсіби маманы деген жалған лицензияның фотосы қойылады. Оған қоса онлайн түрде «қомақты қаржы кірісін» есептеп тұратын калькулятор да қойылады.

Әрі қарай процесс қалай өрбитіні туралы жазылмаған, дегенмен алаяқтар ақша талап етуге тырысатын сияқты.

Әрмен қарай «ҚазМұнайГаз» алаяқтар қолданатын домендер тізбегін тізіп ала жөнеледі: kazmynai-gaz.com, kz-finvesting.com, kz-gaz555.com, butterflyexpect.com, kaz-gaz.org, greyongrey.com, healbrowl.com/logistics, murrindindi.org/info, kazmunaigas.club, tiddley.work, kz.dahod.shop, investor-test.top. Оған қоса Google Play-дегі фейк қосымшалар да бар. Бұлардың бәрі дерлік қазір жабық.  

Компания өкілдері домендер мен қосымшалар шетелде тіркелген, сол себепті олармен күресу қиынға соғып отыр дейді. Мысалы, Google Play-де 2022 жылдың 8 шілдесінде пайда болған «KazMunay Invest» қосымшасы жаңа зеландиялық аралдарда тіркелген. Оны өшіргенше 50 мың адам жүктеп үлгерген.

KaspiProfit

Өткен апталарда тағы бір алаяқтық айла-тәсілдің шеті көрінді. Бұл жолы Kaspi Bank-тің атын пайдаланылған.

Бұл роликті YouTube-тен оңай тауып алуға болады. Ол жерде Kaspi Bank АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе жоқ дегенде бір миллион теңге табыс табатын инвестициялық жобаны таныстырып жатқандай болады. Ол ол ма, еш нәтиже шықпаса бизнесмен салымшыға бір жарым миллион қылып қайтаратынын айтады. Бір қарағанда-ақ видеоның өңделгенін көруге болады. Мына жерден бұл жоба туралы бір ауыз сөз айтылмаған түпнұсқаны көріп шықсаңыз болады.

Тағы бір видеода Ломтадзенің фейк мәлімдемесінен бөлек, Марғұлан Сейсембаев пен Нұрлан Сабуровтың дипфейктерін қолданған.

KaspiProfit сайтына сілтеме әлі жұмыс істеп тұр. Дегенмен бұл ресурстар біртүрлі көрінеді. Заманауи технологияларды қолданатын Kaspi-дің тек логотипі ғана сәйкес келеді, басқа түк жоқ. Қалғаны тек қолданушылардың жеке мәліметін жинауға арналған қарапайым құрал ғана.  

«ҚазМұнайГаздағы» секілді бұл жерде де қолданушыдан қосымша ақпарат алу үшін өзі туралы бірнеше сұраққа жауап беруді ұсынады.

KaspiProfit сайтында өзі туралы ақпарат жоқ, қолжетімді ақпараттан тек «KASPI Profit KASPI Profit-ке тиесілі» екенін ғана білуге болады. Кері байланыс нөмірі, құжат, лицензия дегеннен дәнеңе де жоқ.

  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік
  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

Бір қызығы, «Шарттар мен ережелерде» ерекше статусқа тек Еуропа резиденттері ие болады деген сөз бар. Мысалы, олар мәліметерді шектеу мен жоюға құқылы.

Нttps://olofireboola.store және https://capableglobe.online/ домендері 2024 жылы қаңтарда Namecheap және DYNADOT LLC тіркеуші-компаниялары арқылы тіркелген.

  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік
  • Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік

Осы жолы біз ары қарай не болатынын білу үшін анкетаны толтыруға бел байладық (қайталап айтамыз: бұлай істеуге болмайды). Анкетаны толтырғаннан кейін көрсетілген нөмірге «KaspiProfit менеджері» хабарласты. Мән-жайды анықтау үшін қойған сұрағымызға менеджер Kaspi Bank бұл бағдарламаның серіктесі екенін айтып, бізге пассивті кіріс алу үшін жеке есеп шот ашу керек екенін және оған минималды сома – 45 000 теңге салу керектігін жеткізді. Менеджердің айтуынша, бұл ақша – ең қауіпсіз жобаға деген салым, жобаның «Қытайға мұнай тасымалдауына» қатысы бар екені де мәлім болды. Содан кейін салымның көбеюі әбден мүмкін (кіріс те көбейеді), себебі олардың қосымша «әртүрлі жобалары» бар. «Салымның» әр кезде әрқалай болатынын желідегі пікірлерден білуге болады (1, 2, 3).

Біз Kaspi Bank қосымшасы арқылы ақпарат беруді сұрадық, ол жерде бізге ұйымның ешқандай ойындарға, акциялар және т.б. еш қатысы жоқ екенін айтты, ал барлық ақпаратты тек верификациядан өткен ақпарат көзінен білуге болатынын жеткізді.

Ақшаның астында қаласың деген «ашық платформалар»: алаяқтардың айласын әшкерелейік
Kaspi Bank менеджерімен болған әңгіменің скриншоты

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz