22.09 | Меркельдің ұсынысы, Борис Джонсон және Трамптың шешімі

Германия канцлері Ангела Меркель 21 қыркүйекте БҰҰ-ның 75 жылдығына орай өткен видео конференцияда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін реформалауға шақырды. Германия үкіметінің басшысы ұйымда командалық рухтың жоқ екенін ескертіп, сонымен бірге, басқалардың мүддесі жүйенің жүйелі түрде жұмыс жасауына жол бермейтінін айтты. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.

22.09 | Меркельдің ұсынысы, Борис Джонсон және Трамптың шешімі
Ангела Меркель (Фото: Michael Kappeler / Global Look Press)

Меркель COVID-19-ды мысалға келтіріп, жаһандық қиындықты бірігіп шешудің маңызды екенін ескертті. Германия канцлері проблеманы жалғыз өзі шешемін дегендердің ұстанымы дұрыс емес екенін мәлімдеді.

Меркель БҰҰ-ның жиналысында Қауіпсіздік кеңесін реформалауға шақырды. Оның айтуынша, бұл орган маңызды шешім қабылдайтын кезде ветоны [тыйым салу- ред.] жиі қояды.

Біріккен ұлттар ұйымы ХХІ ғасырдың қиындықтарымен күресу үшін дамуы керек.

Ангела Меркель

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бес тұрақты (Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция) және он тұрақсыз 15 мүшеден құралған. Тұрақты емес мүшелер 2 жылға сайланады. Ал 2019 жылдан бастап Германия тұрақсыз елдердің қатарына қосылды.

БҰҰ жарғысына Сан-Францискода 1945 жылы 26 маусымда қол қойылып, сол жылы 24 қазанда күшіне енді. Қазіргі уақытта ұйымға 193 мемлекет мүше.

“Ұлыбританияда күніне 50 мың адам инфекция жұқтырауы мүмкін”

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Кобра үкіметінің төтенше комитетінің жиналысын өткізеді. Жиналыста коронавирус пандемиясын тоқтатуға бағытталған жаңа шаралар қабылданады деп жоспарланып отыр. Бір күн бұрын Борис Джонсон Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия басшыларымен, сондай-ақ, үкімет өкілдерімен кездесті. Бұл туралы BBC хабарлады.

22.09 | Меркельдің ұсынысы, Борис Джонсон және Трамптың шешімі
Борис Джонсон

БАҚ-тың мәліметінше, премьер-министр Англияда екі апталық мини-карантин енгізіп, пабтар мен мейрамханаларды жабуды жоспарлауда. Бірақ мектептер мен кәсіпорындар жұмысын жалғастыр береді. Сонымен қатар, Борис Джонсон адамдарды үйден жұмыс жасауға шақырады деп күтіліп отыр.

Үкіметтің ғылыми кеңесшілері Крис Уитти мен Патрик Уолланстың айтуынша, коронавирустың тарауын болдырмауға шара қолданбаса, қазан айының ортасында Ұлыбританияда күніне 50 мың адам инфекция жұқтыруы мүмкін. Олардың есебінше, бұл қарашаның ортасына дейін тәулігіне 200-ден астам адамның өліміне әкеледі. Ғылыми кеңесшілер вирустың сәуір айындағынан да лезде тарап жатқанын ескертті.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялаған соң, Борис Джонсон 24 наурызда Ұлыбританияда карантин енгізген еді. Ол өзінің жоспары орындалмағанын мәлімдеп, стратегиясы сәтсіздікке ұшырағанын айтты.

Екінші рет, Ұлыбританияда 16 сәуірде карантин шаралары үш аптаға ұзартылды. Ал 10 мамырда Борис Джонсонның шешімімен карантин тағы да 1 маусымға дейін созылғаны хабарланды. Джонсон адам өлімінің артуына байланысты осындай шешімге келгенін айтты.

Қазіргі таңда Ұлыбританияда шамамен 390 мың адам вирус жұқтырып, 40 мыңнан астам коронавирустан қайтыс болды.

Дональд Трамп TikTok-қа қатысты шешімін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп танымал қытайлық TikTok қосымшасына АҚШ-та жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін келісім шартты мақұлдады. Бұл туралы BBC басылымы хабарлады.

TikTok қосымшасының иесі ByteDance компаниясы Трамптың ескертулерінен кейін АҚШ билігіне TikTok қолданушы деректерінің қауіпсіздігіне байланысты (америкалық қолдашулылардың) ұсыныс жасады.

Осы ұсынысқа сай, ByteDance жаңа TikTok Global компаниясына TikTok қызметін бірге бөлісіп атқарады. Жаңа компания АҚШ-тағы және басқа елдердегі қызмет көрсету сапасына жауап береді. Тек Қытайдағы қызметке жауап бермейді.

Америкалық Oracle және Walmart компаниялары TikTok Global-дың жалпы 20% -ын иемденеді. Oracle жаңа компанияның 12,5% -ын сатып алып, деректерді сақтау қызметіне жауап береді. Ал Walmart компаниясы TikTok Global-дың 7,5%-ын алып, соның ішінде электрондық коммерция және төлем қызметіне жауап беріп, басқа да сала бойынша серіктес болады.

22.09 | Меркельдің ұсынысы, Борис Джонсон және Трамптың шешімі
Бұл келісімнен соң ByteDance компаниясының бас штабы Пекиннен АҚШ-қа ауысуға мәжбүр. Сурет: Getty Images

TikTok Global АҚШ-та 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашады және ел бюджетіне 5 миллиард доллардан астам салық түсімдерін қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.

Биыл 21 шілдеде АҚШ президенті TikTok-ты “америкалықтарды аңдиды” деп айыптаған еді.

Ағымдағы жылдың 6 тамызында Трамп АҚШ-та TikTok-ты бұғаттау туралы жарлыққа қол қойып, 45 күннен соң TikTok америкалық компанияға сатылмаса толықтай бұғатталатынын айтты.

Кейін 14 тамызда Трамп жаңа жарлыққа қол қойды. АҚШ лидері TikTok-қа АҚШ компанияларымен мәмілеге келуге 90 күн уақыт берді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz