Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға басып кірді. Араға жеті ай салып 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин «ішінара мобилизация» жүргізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Осы жарлық шыға салған бетте 18 бен 65 жас аралағындағы еркектер жаппай шет елге көше бастады. 

Соғыс басталған уақытта Қазақстанда қант, ұн, сүт, картоп, пияз секілді азық-түлік қымбаттаған. Ал мобилизациядан соң ше? Азық-түлік бағасы өсті  ме? Осы тақырып  желіде қаншалықты жиі талқылағанын анықтау үшін Германияның Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің (BMZ) қаржыландыруымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы және DW Akademie медиа дамыту халықаралық ұйымы бірлесіп әзірлеген “Data aganist crisis” жобасы барысында дайындалған dataforcrisis.com  платформасының мәліметтерін қарастырдық. Платформа ақпарат бойынша, мобилизация басталған уақыттан бастап (29.09.2022), 2022 жылдың аяғына дейін әлеуметтік желіде мигранттар арасында жарияланған дерек бойынша «қантқа» қатысты 10, «ұнға» – 17, «сүт» тақырыбына 11 әлеуметтік желі жазбасы табылды. 

Енді аталған азық-түліктің әрқайсысын  қарастырсақ…

Қант қалай қымбаттады?

Қазақстанда 2022 жылдың көктемінен бастап азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерде қант тапшылығы байқалды. Себебі, санкция астында қалған Ресей ішкі нарықтағы кейбір азық-түліктің экспортын азайту туралы шешім қабылдаған еді

Осылайша, Қазақстандағы қант дефициті оның бағасының қымбаттауына себеп болды. Мамыр айының басында сол уақытта премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде қант тапшылығы барын мойындады. Әрі экс-министр Электронды өтінішке жазылған жауапта еліміздің батыс аймақтарында қант тапшылығы Ресей экспортқа тыйым салуымен байланысты екендігін де айтқан.

Еуразиялық Экономикалық Комиссия (ЕЭК) Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Қазақстанға 2022 жылдың 31 тамызына дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрғақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілді.

Бақыт Сұлтанов, премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі

2022 жылдың 10 маусымда «Лотте Рахат» кондитерлік фабрикасы қант тапшылығына байланысты Шымкенттегі фабрикасы толығымен жұмысын тоқтатқан. «Рахаттың» басқарма төрағасы Константин Федорецтің айтуынша, Ресей қант экспортын Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жаздың соңына дейін тоқтатуы фабриканың жабылуына себеп болған.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтерінше, құмшекердің де бағасы жыл басталғалы біртіндеп көтеріліп отырған. Мысалы, жылдың басында 1 кг құмшекер бағасы 292 теңге болса, ақпанда 4 теңгеге қымбаттаған. Ал наурызда 1 кг құмшекердің бағасы 100 теңгеге қымбаттап 396 теңгеге жетсе, жетке тамыз айында 555 теңге болып анти-рекорд орнатқан. Ал мобилизация басталған қыркүйек айында 1 кг қанттың бағасы 533 теңге болып,  артынша біртіндеп түскен.. 2022 жылдың желтоқсан айында қант бағасы 485 теңге болды.

Ұнның бағасы неге құбылды?

Ресей Украинаға басып кірген уақытта қымбаттаған азық-түліктің арасында ұн да бар. Қазақстанның астық өндірушілер одағының хабарлауынша, 2022 жылдың сәуір айында Қостанай облысындағы 36 диірменнің 15-ке жуығы, СҚО, Павлодар және Алматы қаласында диірмендер жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде, күзге қарай ұнның бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп, 41,3%-ке қымбаттаған.

Статистика бюросының ақпаратына сай, жоғарғы сұрыпты бидайдың бағасы қаңтарда 263 теңге, ақпанда 269 теңге болған. Наурызда ұн бағасы 10 теңгеге артқан. Ал мобилизация жарияланған қыркүйек айынан қарашаға дейін жоғарғы сұрыпты ұн бағасы ай сайын 4 теңгеге қымбаттап отырған. Тек желтоқсанда  ғана 1 теңгеге өскен. 24 ақпаннан жылдың аяғына дейін ұнның бағасы 105 теңгеге көтерілген.

Бірінші сұрыпты ұнның бағасы жыл басында 186 теңге болса, ақпан айында баға 187 теңгеге шыққан. Ал наурыз айынан бастап ұнның бағасы 4 теңгеге артты. Баға қыркүйекте 234 теңге болса, қазан айында оның бағасы 11 теңгеге қымбаттаған. Қарашадағы ұн бағасы 2 теңгеге арзандаса, желтоқсанда 1 теңгеге қымбаттаған. 24 ақпаннан 2022 жылдың аяғына дейін бірінші сұрыпты ұнның бағасы барлығы 57 теңгеге қымбаттаған.

Ресей Украинаға басып кіргелі тек қант пен ұн ғана емес, жұмыртқа, сүт, пияз, картоп, тұрмыстық химия мен гигена құралдыры да қымбаттаған.

Біз 2022 жылдың төрт квартал бойынша бағалардың өсу ерекшеліктерін, басты пияз, қартоп және 1-санаттағы жұмытқа бағаларын қарастырдық. Мысалы, пияз бағасы үнемі өскен. Атап айтқанда, қаңтарда 1 кг пияз бағасы 89 теңге болған, сәуірде 137 теңгеге жеткен. Ал, шілдеде 192 теңгеге бір-ақ көтерілгенімен, қазан айына қарай баға түскен. 

Картоп бағасының өзгеруі бірқалыпты түрде жүрген деп айта аламыз. Мәселен, жыл басында 143 теңге, сәуірде қымбаттап 180 теңге болған. Шілде 182 теңге болса, қазанда 154 теңгеге барып тұрақтаған. Соңғысы өзіміздің өнім жинауымызға байланысты болса керек.

1-санаттағы жұмыртқаның 10 данасы қаңтар айында 385 теңге болып, сәуірде 397 теңгені құрады. Алайда шілдеге қарай жұмыртқаның 10 данасының 379 теңгеге дейін арзандап, қазанда қайта қымбаттап 438 теңгеге жеткен.

Пастерленген 2,5% болатын сүттің бір литрінің бағасы жыл басында 263 теңге болған, артынша ол 24 теңгеге қымбаттаған. Ал шілде айында пастерленген 2,5% болатын сүттің бір литрінің бағасы 311 теңге болса, оның бағасы қазанда 11 теңгеге қымбаттап, 324 теңгеге жеткен. 

Пастерленген 3,2-4% болатын сүттің бағасы да әр квартал сайын өсіп отырған. Мәселен, жылдың басында 316 теңге болып бастаған сүт, сәуір айында 33 теңгеге қымбаттаған. Сүт шілдеде 389 теңге болса, қазанда 408 теңгеге жеткен.

Қымбатшылық туралы Dataforcrisis не дейді?

Dataforcrisis.com платформасындағы әлеуметтік желілерде жиі жарияланған тақырыптардың бастауына “экономика” бөлімі тұр. Оған жалпы саны - 69 940 жазба жарияланған. Ал мобилизация басталған уақытта 59 027 жазба қалдырған.

  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?
  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?

Dataforcrisis.com дерегіне сай, адамдардың тақырып бойынша көңіл күйіне жекелей талдау жасағанда да, жазылған посттардың басым көпшілігі “экономика” тақырыбындағы жазбаларда негативке (11 927 603) қарағанда, позитивтің (16 392 777) көп екендігін көрсетеді.

Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?
Мобилизация жарияланған соң жазбадағы адамдардың көңіл-күйі (21.09.2022)

Платформа адамдардың сегіз түрлі көңіл-күйге жекелей талдау жүргізген. Жалпы олардың басым көпшілігі сенімділікті, қуаныш, күту сезімі, ашу, қорқыныш сезімдерін көбірек сезінген. Әрі дәл сол адамдардың басым көпшілігі көңіл-күйдің өзгеруі Ресейде мобилизация жариялаған соң барып пайда болғандығын да айта кетуіміз керек.

  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?
  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?

2022 жылы адамдардың жазбасында эмоциасын өлшеу параметрі бойынша, сенімідік, қорқыныш және ашу үштікке енсе,  мобилизация жарияланған соң, адамдарда сенімділік, ашу мен қуаныш сезімдері алғашқы үштікке енген.

  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?
  • Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?

Платформада жиналған деректер бойынша, адамдардың Ресейдегі мобилизация туралы пікірлер процент үлесін қарастырайық:

  • Telegram-дағы оқырмандардың 57,7% позитив, 42,1% негатив, ал қалған 0,2% нейтрал ойлайтындығын көрсеткен. 
  • Twitter-де 54,9% позитив, 44,3% неготив, 0,9% нейтрал көзқараста екен. 
  • YouTube бойынша, 59,9% позитив, 39,8% неготив, 0,3% нейтрал көзқарасты қолдаған.
  • Facebook деректері 48,6% позитив, 48% неготив, 3,4% нейтрал көзқараста екендігін жеткізген.
Ресейдегі мобилизация азық-түлік бағасына қалай әсер етті?
Мобилизация жарияланған соң әлеуметтік желіде жазылған жазбадағы адамдардың көзқарасы  (21.09.2022)

Қорытынды

Қорыта айтқанда, Қазақстанның кей азық-түлік бағасының тұрақтамауы Ресей Украинаға басып кіруінен бастап, мобилизация жариялағанда да жалғасқанын байқаймыз. Бұған экономикадағы басқа да факторлар әсер еткен деп толық айта аламыз. Зерттеу барысында 2022 жылдың аяғына қарай кей азық-түліктің бағасы арзандағанымен, кей бірі баға өсуін ары қарай жалғастыра бергендігін байқаймыз. dataforcrisis.com дерегінше, Ресейден келетін мигранттардың да, Қазақстан азаматтарының да қорқынышы мен ашуы артқан.

Мақала Германияның Федералдық экономикалық ынтымақтастық және даму министрлігінің (BMZ) қаржыландыруымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы және DW Akademie медиа дамыту халықаралық ұйымы бірлесіп жүзеге асырған “Айналымдағы деректер: миграцияға журналистік көзқарас” курсы барысында дайындалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz