WeChat қосымшасында фейк қалай тарайды?

Фейктер мен әлеуметтік желілер туралы сөз болғанда, қытайлық WeChat мессенджері жиі еске алынбайды. 2017 жылы бұл қосымшаны пайдаланушылар саны 902 миллионнан асып түскенін ескерсек, оны ескерусіз қалдыру бекер. Салыстырмалы түрде айтсақ, Snapchat тұтынушылары бұдан үш есе төмен, ал Facebook желісін пайдаланатындар осының жартысындай ғана. WeChat құрылымының ерекшеліктері мен жалған ақпаратты тарату тәсілін Оңтүстік Калифорния университінің оқытушысы Чи Жанг мырза мен оның әріптестері Alhambra Source және Asian American Advancing Justice-пен бірлесе отырып зерттеген болатын.

Будандары мен партизандар

Қытайда бұл қосымшаны қарапайым хабарлама таратудан бастап, тамаққа тапсырыс беріп, жеке қаржыларын есептеуге дейін қолданады. Ол Қытайдан тыс жерлерде де танымал. Мәселен АҚШ-тағы қытай эмигранттарының алғашқы буыны осы желіні пайдаланады. Мұны 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде белсенді бола түскен медиа жаңалық партизандары қолайлы пайдаланып отыр. Пайдаланушылар саны тым көп болғандықтан контент құрастыратын белсенді ойыншыларды анықтау мүмкін емес.

WeChat кейбір функцияларын WhatsApp, Facebook және Twitter желілерінен алған. Мәселен, қолдан-қолға ақпарат тарату, кішігірім топтарда байланысу сияқты мүмкіндіктер «жұқпалы» ақпаратты таратуға аса ыңғайлы. Бұған мәліметтердің және кодтың айқын еместігін қосыңыз, өйткені «API жалпыға қолжетімді емес». Қытайдың тағы бір белгілі мессенджері – Weibo туралы да осыны айтуға болады.   Мәліметтердің қадағалауда болуы ақша жасау үшін ғана емес, қытай билігі қырағы бақылап отыру үшін де қолайлы.

WeChat желісінде медиа ресми аккаунттармен тіркелген. 2017 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша, мұнда 10 млн ресми аккаунт тіркелген. Олардың көбі – жеке аккаунттар. Мұндай аккаунтпен кез келген адам тіркеле алады.

Ресми аккаунттардағы жаңалықтар эксклюзив болуы мүмкін, алайда көп ретте басқа ақпарат көздерінен көшірілген болып жатады. Мысалы, төменде  баспасөз бостандығын қорғауға байланысты Бостондағы оңшылдар партиясы ұйымдастырған шеру туралы жазбаның суреті берілген, онда ABC, Facebook, WBUR, NPR Бостон радиокешені секілді бірнеше ақпарат көзіне сілтеме жасалған.

WeChat қосымшасында фейк қалай тарайды?
Ақпарат көзі: Columbia Journalism Review

Бейресмилік – фейкмейкерлерге таптырмас мүмкіндік

Бұл қосымшада Twitter мен Facebook желілеріндегідей хештег қою, іздеу қызметі немесе трендтегі тақырыптар жоқ. Ресми аккаунт иелері хабарламаны жазып, тұрақты жазылушыларына (олардың саны қанша екенін аккаунт иесі ғана көре алады) жібереді. Ақпараттың тарауы негізінен қолданушылардың ортақ топтарда немесе «Осы сәтте» деген тұста бөлісуі кезінде жүзеге асады. Топтық чаттар  көлемі мен ерекшелігіне байланысты әртүрлі, отбасы мүшелеріне арналған шағын топтан бастап, достар, әріптестерге дейін жалғасады, админдер топтың әр жаңа мүшесін растауы тиіс. Сондай-ақ, ортақ мүддеге орай арнайы  тақырыптар мен тұрғылықты жеріне орай да бөлінетін топтар бар. WeChat-тың «Осы сәтте» деген тұсына бөліскен нәрсеңізді тек достарыңыз ғана көре алады. Бұл қосымшада жазбаны баршаға көрінетін етіп қоятын тетік мүлдем жоқ.

Сондықтан жаңалықтар жекелеген топтарда немесе жартылай жабық ортада талқыланады. Ақпарат жария жолмен емес, достар мен таныстар арқылы жетіп отырады. Қолданушылар өзінің байланыс тізімінде жоқ ресми аккаунттарды белгілеп, оларға жауап бере алмайды. Кейбір ресми аккаунттар қолданушыларға пікір қалдыру мүмкіндігін берген, тек қай пікірді жариялау аккаунттың өз еркінде.

WeChat қосымшасында мәтін алгоритмге тәуелді емес, пайдаланушылардың қолында. Бұл «ақпараттық көпіршік» тудырып, жалған ақпараттың тарауына әкеп соғуы мүмкін. Facebook алгоритмдерді ауыстыру арқылы қолданушылардың мейлінше түрлі ақпаратты көруіне мүмкіншілік берсе, WeChat үшін бұл жат.

WeChat желісіндегі мәліметтерде ресми реттеу әрекеті биліктің бақылауымен етене байланысты. Мессенджер қолданушыларға жалған ақпарат туралы хабарлауға кеңес бере отырып, автоматты түрде кейбір мәтінді іріктеп отырады. Бірақ, кейде фейктер қатарына саяси жағынан қолайсыз контент қана емес, «пуш-ап орнатылған төстартқыштар қатерлі ісік ауруларын тудырады» дегендей өсек-аяң да кіріп кетеді.

WeChat желісін сырттай пайдаланушы тек қандай да бір жазбаның қанша рет қаралғанын ғана көре алады. Бірақ, оны кім оқығаны немесе әрі қарай таралуы жайлы ақпарат құпия қалпында қала береді. Ондай мәліметті, тіпті, есептегіш құралдардың көмегімен де алу мүмкін емес. Бұл жағдайда пайдаланушылардан сұрақ-жауап алу тәсілі мен цифрлы этнография ғана көмектесе алады. WeChat қосымшасының жағдайы әлеуметтік медиа және жалған ақпаратпен жұмыс істей отырып, кез келген жағдайдың ортақ шешімі бола бермейтінін көрсетеді. Ал қолданылатын стратегияның озық технологиялы болуы шарт емес.

Мессенджеріңіздің қаншалықты қауіпсіз екенін білгіңіз уелсе,  осы сілтеме арқылы материалды оқыңыз .

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz