Министр мектептердегі турникеттер саны туралы рас айтты ма?

16 тамызда өткен Үкімет отырысында ІІМ министрі Марат Ахметжанов мектептердегі қауіпсіздік тақырыбын көтеріп, турникеттер санына байланысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz министр сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Тайм-код: 54:08:00

Талаптарға сәйкес, барлық мектептерде турникеттер болу керек. Алайда Түркістан қаласындағы 34 мектептің біреуінде ғана турникет орнатылған. Орал қаласында 56 мектептің 8-де (14%), ал Алматы қаласында 207 мектептің 28-де (14%) ғана турникет бар.

Марат Ахметжанов

Үкім: Шындық

Оқу-ағарту министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген мәліметіне сай, Түркістан қаласындағы 34 мектептің 1-де, Орал қаласында 56 мектептің 8-де, ал Алматы қаласында 207 мектептің 28-де турникет бар.

Министрлік дерегінше, 24 ірі қалада барлығы 1351 мектеп бар, оның ішінде 847 орта білім беру ұйымына (63%) турникет қойылған.

Контекст

  • Білім беру орталықтарын терроризмнен қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сай, республикалық маңызы бар қалалардағы оқушылар мен қызметкерлер саны 700 адамнан асатын мектептер қосымша техникалық бақылау мен турникетпен жабдықталып, лицензиясы бар күзетпен қамтамасыз етілуі керек.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz