«Коронавирус, нет, нет, нет» — COVID-19 инфодемиясы бір ресурста

Орталық Азия журналистері коронавирус туралы фейктерді тексеретін және дезинформациямен күресетін «Коронавирус, нет, нет, нет» сайт ашты.

«Коронавирус, нет, нет, нет» — COVID-19 инфодемиясы бір ресурста
Сайттың басты бетінің скрині

Коронавирус пандемиясы ақпарат алаңына соңғы 15 жылда болмаған өзгеріс енгізді. Әлемдегі барлық нәрсе бір құбылысқа байланған тәрізді, тіпті мұнай бағасы туралы да коронавирус призмасы арқылы айтады. Дезинформация тексерілген жаңалық пен вирустан жылдам тарап, қоғамның үрейін тудырып жатыр. Бұл құбылыстың соңына инфодемия атауы берік байланған тәрізді. Конспирологиялық пікірлер мен күдікті емдеу тәсілдері желілерде кең тараған. Инфодемияның қауіптілігін Иран мысалынан байқауға болады. Онда бірнеше адам вирустан қорғану туралы жалған хабарламаларға сеніп метил спиртін ішіп, қайтыс болды.

Factcheck.kz, «Новый репортёр» және «.три.точки. Знай, что смотришь» фактчекинг редакциялары ақпаратты саналы түрде қолдану, дереккөздерді тексеру, фейктерді анықтай алу қабілеті сізді және жақындарыңызды ағат шешімдерден қорғап, тіпті өміріңізді сақтап қалуы мүмкін деп есептейді.

Сол себепті біз Covid-19 туралы виралды фейктер мен олардың шешімін тапқан материалдарды бір ресурсқа жинауды дұрыс деп шештік. Біз күн сайын жаңалықтар мен әлеуметтік желілерді бақылап, коронавирус инфодемиясы қаупі сейілмей тұрған кезде фейктер лентасын жаңартып отырамыз. Сақтап алыңыз!

https://public.flourish.studio/visualisation/1626315/?fbclid=IwAR1HYZijkSdUCOWqrO2mfZ2QY9jlhs2Zgz4SkV3fG8K4riYRGjSJTcJThBY

Еске сала кетсек, халықаралық фактчекерлер тобы 2020 жылдың қаңтар айының соңынан коронавирус туралы фейктерді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 23 наурызға дейін әлем бойынша 1300-ден астам фейктер мен дезинформацияны тексердік.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz