“Зорлықты ақтауға болмайды”: Алматыда сексуал зорлыққа қарсы митиң өтті

8 наурызда халықаралық әйелдер күніне орай, Алматыдағы Махатма Ганди саябағында әйелдер құқығын қорғауға арналған митиң өтті. Шараның басты тақырыбы — елдегі сексуал зорлық-зомбылық мәселесі.

Митиң басталмас бұрын ұйымдастырушылар мен қатысушылар зорлық-зомбылықтан қайтыс болған әйелдердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады. Кейін ұйымдастырушылар елдегі сексуал зорлық-зомбылыққа қатысты сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл 44 әйел сексуал зорлық-зомбылыққа ұшыраған, 19-ы қайтыс болған. Сонымен бірге 16 жасқа толмаған 72 бала сексуал зорлық көрген.

Бұл — тек ресми дерек. Шән мәнінде, құрбандардың саны он есе, тіпті одан да көп. Кішкентай бала зорлық көрсе де, қоғам оның кінәлі емес екеніне күмәнмен қарайды. Сондықтан көп құрбан статистикаға ілінбей қалады.

Мөлдір Албан
"Зорлықты ақтауға болмайды": Алматыда сексуал зорлыққа қарсы митиң өтті
Фото: Ади Жилакаускас

Сонымен қатар митиңде тұрмыстағы зорлық-зомбылық, созылмалы ауруларға шалдыққан әйелдер мен әйелдердің қаржылай мәселесі туралы айтылды.

"Зорлықты ақтауға болмайды": Алматыда сексуал зорлыққа қарсы митиң өтті
Фото: Ади Жилакаускас

Митиңге жиналғандар «Зорлаушыға ауыр жаза берілсін», «Зорлыққа жол жоқ», «Үнсіз қалма, зорлықты тоқтат», «Бізге өзгеріс керек», «Елдің көркі — әйелдің заң арқылы қорғалғаны», «Зорлықшымен қол алыспа» деп ұрандатты. Сонымен қатар қолына “Зорлықты ақтауға болмайды”, “Бұл әйелдердің еркектерге емес, стереотиптерге қарсы протесі”, “Қолыңды тарт”, “Бізге сексуал бопсалауға қатысты заң керек” деген сияқты түрлі ұран жазылған плакат ұстаған.

Шара соңында жиналғандар тұрмыстағы зорлық-зомбылықты қылмыс қатарына жатқызуды және оған жаза қарастыруды, зорлық-зомбылыққа қатысты заңдарды өзгертуді, әлімжеттік туралы заң қабылдауды талап етті.

"Зорлықты ақтауға болмайды": Алматыда сексуал зорлыққа қарсы митиң өтті
Фото: Ади Жилакаускас
"Зорлықты ақтауға болмайды": Алматыда сексуал зорлыққа қарсы митиң өтті
Фото: Ади Жилакаускас

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы феминистердің митиңгі бірнеше жыл қатарынан Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өтетін. Дегенмен бұл жылы қала әкімдігі онда емес, тек Махатма Ганди саябағында ұйымдастыруға рұқсат берген. Алайда шеру өткізуге тыйым салған.

Factcheck.kz