Жолдауға фактчек | “Босқындар саны 110 млн-дан асты” – Қ.Ж.Тоқаев

Қазақстан президенті 1 қыркүйекте дәстүрлі түрде халыққа жолдау жасады. Жолдау барысында әлемдік проблемаларға да тоқталды. Factcheck.kz әдеттегідей президент жолдауын тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Босқындардың саны 110 миллионнан асты.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының дерегінше, 110 млн-нан астам адам әлемдегі түрлі қақтығыстарда, қудалау мен зорлық-зомбылық салдарынан босқынға айналған. Бұл адамзат тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш деп дабыл қағады мамандар.

Ал Қазақстанда 2022 жылы 308 босқын және 840 пана іздеуші тіркелген. Толығырақ төмендегі материалдан оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz