Youtube компьютер арқылы жасалған қылмыс құрбандарының суретіне тыйым салмақ

Youtube кибербуллиңпен күреске қатысты саясатын өзгертті. Платформа қылмыс құрбаны болған, кәмелет жасына толмаған балалардың және басқалардың бейнесін, олардың даусын жаңа технология арқылы жасаған конттенттерге тыйым салды. Бұл туралы SecirutyLab хабарлады.

Қолданушылар кейбір видеоға қоғамда дүрбелең тудырған зорлық-зомбылық оқиғасын әсерлі етіп көрсету үшін оған жаңа технология арқылы балалардың даусын қосқан. Қылмыстан зардап шеккен адамдардың отбасылары мұндай контентті “жиіркенішті іс” деп атады.Youtube осы мәселені ескеріп, компьютер арқылы қылмыс құрбаны болған балалардың кескінін жасап, олардың көрген зорлық-зомбылығын сипаттап жазатындарды тоқтату үшін саясатын өзгертті.

Жаңа ереже бойынша, енді арнаға жарияланған мұндай мазмұндағы контенттер бірден өшіріледі, ал парақша иесі платформаны уақытша қолдана алмай қалады.

Factcheck.kz