Мәжіліс тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады

28 ақпанда Мәжіліс тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Бұл туралы Batyr jamal хабарлады.

Жаңа заң жобасы бойынша, енді педофилия және баланы өлтіру қылмысына өмір бойына соттау жазасы белгіленеді. Оған қоса құжатта денсаулыққа жеңіл, орташа және ауыр залал келтіруге енді қылмыстық жаза қарастырылған. Мәжіліс денсаулыққа орташа зақым келтіргендерді 2 жыл бас бостандығынан айыруға, ауыр зақым келтіргендерді 3-8 жыл бас бостандығынан айыруға келіскен.

Ал денсаулыққа жеңіл зақым келтірген адам 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл төлеуі немесе 200 сағат қоғамдық жұмыс істеуі немесе 50 күнге қамалуы мүмкін. Ал қол көтерсе, 80 АЕК (295 мың теңге) айыппұл төлеуі немесе 80 сағат қоғамдық жұмыс істеуі немесе 25 күнге қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қылмысқа қатысты заңда 15 АЕК (55400 теңге) және 15 күнге қамау жазасы болған еді.

Factcheck.kz