Қырғызстанда 11 тәуелсіз журналист қамауға алынды

17 қаңтарда Қырғызстанда тәуелсіз медиада істейтін 11 журналист екі айға қамалды. Мұндай шешімді Бішкектің Бірінші май аудандық соты қабылдады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Олар 13 наурызға дейін тергеу түрмесінде отырады.

Азаттықтың Қырғыз қызметі қамалған журналистердің аты-жөнін жариялады. Олар:

Махабат Тәжібекқызы – Тemirov LIVE жобасының директоры, журналист-зерттеуші Болот Теміровтің әйелі;
Сапар Ақынбеков – Тemirov LIVE және “Айт, Айт Десе” редакциясының қызметкері;
Азамат Ишенбеков – Тemirov LIVE және “Айт, Айт Десе” редакциясының қызметкері;
Айке Бейшекеева – Тemirov LIVE редакциясының қызметкері;
Мақсат Тәжібекұлы – Тemirov LIVE редакциясының қызметкері;
Ақыл Орозбеков – Тemirov LIVE редакциясының қызметкері;
Тыныстан Асыпбек – Тemirov LIVE редакциясының бұрынғы қызметкері, қазір “ПолитКлиника” басылымында істейді;
Ақтілек Капаров – Тemirov LIVE редакциясының бұрынғы қызметкері, қазір “Алға Медиада” істейді;
Сайпидин Султаналиев – Тemirov LIVE редакциясының бұрынғы қызметкері, қазір “Арча Медиада” (NextTV) істейді;
Жоодар Бузумов – Тemirov LIVE редакциясының бұрынғы қызметкері;
Жұмабек Турдалиев.

Оларды 16 қаңтарда ұстаған. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, қылмыстық іске “Айт, Айт Десе” жобасының 2023 жылы күзде YouTube-те жариялаған видеоларының бірі түрткі болған. Сарапшылар одан “жаппай тәртіпсіздікке шақыру” белгісін тапқан. Сол себепті “жаппай тәртіпсіздік” және “билік өкілдерінің талаптарына бағынбау және жаппай тәртіпсіздікке шақыру” баптары бойынша іс қозғалып отыр.

Алайда олардың барлығы бұл айыпқа келіспейтінін айтып отыр.

Айта кетейік, жақында Қырғызстанда қауіпсіздік күштері тәуелсіз редакциялардың кеңсесі мен журналистердің үйін тінтігінен хабарлағанбыз.

Factcheck.kz